Мэлс Елеусізов Қазақстанда Қытай қаупі жоғары екенін жасырмады

Опубликовано:

 Жер сату мәселесі тек референдумда шешілуі керек. Эколог Мэлс Елеусізов Жер комиссиясының отырысында осылай деп мәлімдеді деп хабарлайды Qamshy.kz.

«Бізде жерден басқа да мәселе көп. Бірақ, шиеленіс осы жер мәелесіне келгенде туып отыр. Жер шетелге беріледі дегенде ешкім бізге Германия келеді деп ойламайды. Бар мәселе көршімізде болып отыр. Қытайда елші болған Мұрат Әуезовтің Қытайдың құпия мәлімет, жоспарлары туралы айтқанын білеміз. Бізде Қытай қаупі жоғары. Ақтөбеде мұнай орындарын алған қытайлық компаниялардың қалай жергілікті халыққа тізесін батырып отырғанын көріп жүрміз. (...) Ауылда жұмыс жоқ. Мал бағайын десе жем, шөп қымбат. Ауыл халқы қалаға келіп жұмыс істеуде. Ұлтымыз күзетшілер ұлты болып бара жатыр. Жер туралы айтқанда сол ауылды көтерудің жайын қарау керек. Ал, мына жер мәселесін тек референдумда шешу керек. Биліктің бүгінде халық алдында беделі төмен, халықтың сенімі күн санап азайып барады. Сол беделді қалпына келтіру үшін де референдум жариялап, жер сату мәселесін халықтың өзі шешуіне мүмкіндік беру қажет», - дейді эколог.

Тағы оқыңыздар:

Шымкент әкімі велосипедке отырып, қаланы аралады (фото)

Андрей Аршавин қазақ тілінің қиын тіл болғанына қарамастан, үйреніп жүргенін айтты

Ақмола облысында сарбаздың әлімжеттіктен көз жұмғанын жасырған әскерилерді оңдырмады

Баян Есентаева өзіне қолдау білдірген халқына ризашылығын айтты

Депутаттар бюджет ақшасын тиімді жұмсай алмағандардың үстінен қылмыстық іс қозғауды талап етті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1164560-mels-eleusizov-qazaqstanda-qytay-qau/