Алматының толассыз жауған жаңбырын желі қолданушылары күлкіге айналдырды (фото)

Опубликовано:

Алматының толассыз жауған жаңбырын желі қолданушылары күлкіге айналдырды.

Бірі нөсерлетіп жауған жауын суын дер кезінде сорып, халыққа көмегін көрсете алмаған тиісті орындарға сын тақса, енді бірі арық жүйлерін қоқысқа толтырып тасаған алматылықтардың өзін кінәлады.

Желі қолданушылары өздерінің коллаждарында көбінде топан суда қайықпен "жүзіп жүрген" және "велосипед теуіп жүрген" қала әкімі Бауыржан Байбекті бейнелеген.

Айта кетейік, 16 маусымнан бері жауған нөсер жаңбыр Алматының тұрғындарын біраз әбігерге салды. Толассыз жауған жаңбыр шеткі аудандарды айтпағанда, оңтүстік астананың ең элиталы аудандары орналасқан көшелер, метро станциясына дейін көлкіп суға толды.

Жерасты паркингтеріндегі көліктер белуардан су басты. Ал жер үйлердегі жағдай тіпті мүшкіл. ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың айтуынша, Алматыда 23 жеке үй және 69 ауланы су басқан. Ал төтенше жағдай департаментіндегілер нөсер жауын тағы да қайталанады деп ескертіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1164612-almatynynh-tolassyz-zhaughan-zhanhbyryn-zh/