Қазақстандық банкир беларусьтік әншінің үйін $435 мыңға сатып алды (фото)

Опубликовано:

Қазақстандық банкир беларусьтік әнші Анжелика Агурбаштан пәтер сатып алды деп хабарлайды «Наша Нива» басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жыл басынан бері Минскіде сатылған ең қымбат пәтерлердің қатарында Агурбаштың пәтері де бар.

Дроздағы Пионерской көшесіндегі екіқабатты пәтер қымбат үйлердің тізімін бастаған. 435 мың долларға бағаланған пәтерді қазақстандық банкирлердің бірі сатып алыпты.

Элиталық тұрғын үйдің аумағы - 212,3 м2. Бұл пәтердің әрбір шаршы метрі $2050 болғанын білдіреді. Келісім ақпан айында жасалған.

Кейін үйдің иесі Анжелика Агурбаш болғаны, ал оны қазақстандық банкир сатып алғаны белгілі болды.

Анжелика Анатольевна Агурбаш – ресейлік және белоруссиялық әнші, актриса, модель әрі тележүргізуші. Беларусьтің халық әртісі.

Тағы да оқыңыздар:

Астана тұрғыны "Нұр Отан" мен мүфтиятты біріктіруді ұсынды

Ыдырысов: Біз салафизмге құрметпен қараймыз, бірақ өз саясатымызбен жүру керек

Ресейдің барлық спортшылары алдағы Олимпиадаға қатыспауы мүмкін

Ақтөбе облысында 10 жасар бала анасын қорғау үшін әкесін пышақпен жарақаттаған

Тараздағы атыста жараланғандар ауыр халде жатыр

Жаралы анасына жаны ашыған коаланың баласы желіде танымал болды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1166284-qazaqstandyq-bankir-belarus-anshisi/