ОҚО аудандарын жайпап тастаған шегіртке енді Шымкентке де келді
Опубликовано:
ОҚО аудандарын жайпап тастаған шегіртке енді Шымкентке де келді. Қала көшелерінен ұшып жүрген шегірткелерді көрген шымкенттіктер дабыл қағып отыр.
Тіпті соңғы екі үш күнде әлеуметтік желілерде қала көшелері былай тұрсын, көпқабатты тұрғын үйлерді мекен етіп алған шегірткелердің суреттері көптеп салынып жатыр, деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.
Қала тұрғыны Дәурен Айманбетов төртінші қабатта тұрады. Өзінің желідегі парақшасында ол "төртінші қабатта бұл шегіртке не іздеп келді екен? Әлде үйімді егін алқабы деп ойлады ма?" деп шегірткені қолына ұстап түскен фотосын жүктеді.
Алғашында қаланың шалғай аймақтарына ұшып келген зиянестер енді орталықты жайпап салуға көшкен. Қала орталығындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университет студенттері бұған куә. Студент Данияр Орал оқу ғимаратына кіруден қалдық дейді.
Қаланың жаңа бөлігінде орналасқан Бәйдібек би ескерктіші аймағында демалыс аймағында да зиянкестер қаптап кеткен. Демалыс орнына достарымен өзге ауданнан қонаққа келген Талғат Елшінбеков ескерткіш аумағындағы шегірткелерді көріп, жағасын ұстағанын айтты. «Демалыс демалыс болмады. Олармен алысумен болдық» деген қала қонағы басқа-басқа облыс орталығындағы бұл жағдайға таң қалып отырғанын айтып қалды.
Айта кетейік, Шымкентте шегірткелер әлі азаймай отыр. Бүгін облыстық мешітке жиналған жамағат та бұл жайтқ куә болды. Мешіт алдын ірі-ірі зиянкестер қаптап кеткен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1166305-oqo-audandaryn-zhaypap-tastaghan-shegir/