Қарағандыда Сібір жарасынан көз жұмған тұрғынды дәрігерлер "жолдамаңыз жоқ" деп қайтарып жіберген

Опубликовано:

Қарағанды облысында сібір жарасын жұқтырған деген күдікпен ауруханаға жатқызылған екі науқас қайтыс болды деп хабарлайды "Астана" арнасы.

Аяқ асты көз жұмған Кәкен Қажыкеновтің жесірі қайғылы оқиғаға ақ халаттыларды айыптайды. Дереу Шет ауданынан қалаға жеткізілген науқасты бір де бір аурухана қабылдамады деп отыр.

Қазір Қарағандыда бес адам ем қабылдап жатыр. Тағы екі адам Шет ауданынан жеткізілген.

Сібір жарасын Кәкен Қажыкеновтің он жастағы баласы Нұртілеу де жұқтырды деген күдік бар. Жеткіншек қазір облыстық жұқпалы аурулар емханасында.

Шет ауданынан қауіпті дертке шалдықты деген болжаммен тағы бес тұрғын кеше осында әкелінген болатын. Олардың барлығы дәрігерлердің бақылауында.

"Денелерінде қызара бөрткен болып келген. Кейбіреулерінің дене қызуы көтерілген. Өкінішке қарай, екі науқас қайтыс болды", - дейді Қарағанды облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.

Марқұм болған Кәкен Қажыкеновтің жесірі болған жайтқа дәрігерлерді кінәлайды. Өйткені, оның күйеуі өткен аптада көршісінің малын сойысқан. Осыдан соң оның қолына жара шыққанын байқаған.

Дереу 200 шақырымдағы ауылдан облыс орталығындағы ауруханаға келеді. Алайда, ақ халаттылар науқасты "жолдамаңыз жоқ" деп қабылдамады деп отыр.

"Менің жолдасым осыдан сенбі күні ауырғанда шыдай алмаған соң, осы Қарағандыға келді. Ешқандай емхана "направление жоқ" деп алған жоқ. Қайтадан Ағадарыға барып, направлениемен жедел жәрдеммен ауыр халде келдік. Осының бәрі дәрігерлердің кінәсі. Егер емхана алғанда, ол тірі қалар еді", - дейді Қарағанды облысы Шет ауданы Еркіндік ауылының тұрғыны Мәдина Қажыкенова.

Көз жұмғандардың бірі отыз үш жастағы әйел. Ол жансақтау бөлімінде есін жимаған күйі қайтыс болған. Артында төрт баласы қалыпты. Ал екінші, қырық тоғыз жастағы азамат - үш баланың әкесі.

Тағы оқыңыз:

Назарбаев Астананы кім басқаратынына немқұрайлы қарай алмайды

Ильиннің жеке бапкері: Ильяның Риоға баруға мүмкіндігі 0,1% деп айтсам болады

Венецияға айналған Алматыны Мәсімов жаяу аралап шықпақ

Назарбаев президент әкімшілігінің жаңа басшысы Жақсыбековті таныстырды

Әділбек Жақсыбеков қайтадан президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1167805-soghymnan-keyin-qaytys-bolghan-turghynn/