Еліміздің кей аймақтарында күн күркіреп, жаңбыр жауады

Опубликовано:

Жоғары барийлік жырамен байланысты атмосфералық суық фронттар, Қазақстанның шығыс және оңтүстік-шығыс аудандарына басымырақ әсер етеді деп хабарлайды "Хабар" арнасы.

Сондықтан осы аумақтың кей жерлерінде күн күркіреп, нөсер және бұршақ түсу мүмкіндігі сақталады. Іле Алатауы мен етегіндегі жерлерде күшті жаңбыр күтіледі.

Республикамыздың басқа аумақтарында жадыраған жазғы ауа райы болжанады. Жекелеген аудандарда найзағайлы өткінші жаңбыр болуы мүмкін.

Батыс өңірде аптап ыстықтың бәсеңдеуі күтіледі. Өйткені оңтүстік ауа ағыстары солтүстік-батыс бағытқа ауысып, бұл аумақтарға Орталық Уралдан салқын ауа ағыстары келеді.

Тағы оқыңыз:

Назарбаев Астананы кім басқаратынына немқұрайлы қарай алмайды

Ильиннің жеке бапкері: Ильяның Риоға баруға мүмкіндігі 0,1% деп айтсам болады

Венецияға айналған Алматыны Мәсімов жаяу аралап шықпақ

Назарбаев президент әкімшілігінің жаңа басшысы Жақсыбековті таныстырды

Әділбек Жақсыбеков қайтадан президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1167825-elimizdinh-key-aymaqtarynda-kun-kurki/