Ауызашар кезінде қателікке ұрынбау үшін не істеу керек?

Опубликовано:

Сауд Арабиясы диетология бойынша ассоциациясы вице-президенті, тамақтану консультанты доктор Халед әл-Мадани барша мұсылмандарды ауызашар кезінде қателіктерге ұрынбауға шақырды.

Бұл туралы Ummet.kz хабарлайды.

Көпшілік адамдар ауызашарда шектен тыс тамақ жеп қояды, оның ішінде майлы да қуырылған ас-тағамдар да бар. Негізінде, ауызашарда адам ағзасы жеміс-жидектер мен көкөніс өнімдерінің дәрумендерін қажет етеді.

Диетологтың айтуынша, ауызашарда негізгі тамақты жердің алдында сұйықты көп ішуден сақтану керек. Доктор өте пайдалы ауызашардың сырын айтып берді. Ең әуелі екі стакан су, құрма, онан соң көкөніс сорпасы. Мұнан кейін тарауиз намазынан соң да тамақтануға болады. Онда майлы емес еттен әзірленген ас ұсынылады.

Ал сәресіге жармадан жасалған тамақ жеу кеңес етіледі. Халед әл-Мадани ораза кезінде тәтті тағамдарды жеуден барынша шектелу керектігін жеткізді. Ол сондай-ақ ауызашардан кейін темекі шегудің орасан зор зияндылығын ескертті.

Тағы да оқыңыздар:

Оралда екпе жасаймын деп адам өлтіріп алған мәскеулік косметологқа үкім шықты (фото)

ОҚО-да ҰБТ-дан ұпай жинай алмаған оқушы қыз өзіне қол жұмсады

Расул Жұмалы: Үштілділікті билік өзінен бастасын

Шымкенттіктер әкімнің велосипед тақымдауын "арзан PR" деп атады

Илья Ильин: Седовтың жазғандарын ойлап отыратын уақытым жоқ

Ақордадағы ірі кадрлық ауыс-түйіс: Әлеуметтік наразылықтың артуының нәтижесі ме?

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1168870-auyzashar-kezinde-qatelikke-urynbau-u/