Алматыда 8 жыл бойы сәби сатумен айналысқан дәрігерлерді қатаң жаза күтіп тұр
Опубликовано:
Сәби саудасын қыздырған дәрігерлер 9 жылға сотталуы мүмкін. Алматыда балаларды тірі тауарға айналдырғандарға қатысты 5 айға созылған сот ісі аяқталуға жақын.
Прокурор 32 айыпталушыға жеке-жеке жаза сұрады деп хабарлайды КТК арнасы.
Бар жағдайды біле тұра туған баласын ақшаға бағалағандарды да ауыр жаза күтіп тұр. Мемлекеттік айыптаушы оларға 6 жыл 8 ай жалпы режимдегі колонияда жазасын өткізуді сұрады. Ал, заңсыз жолмен сәби асырап алған 7 ата-ана шартты жазамен құтылмақ.
Егер, судья прокурордың талабын қанағаттандырса, 7 жылға жуық уақыт бойы олардың жүріс-тұрыстары қатаң бақылауда болады. Жаға ұстатарлық жағдайға қатысты үкімді судья келер аптада кеседі.
Естеріңізге салсақ, Алматы облыстық ауруханасы перзентхана бөлімі қызметкерлерінің сәби саудасымен 8 жыл бойы айналысқаны былтыр әшкереленген болатын. Осы уақыт ішінде, ақшаға құныққан акушерлер 15 шақалақты сатып жіберген.Кінәсін бірден мойындап, тергеуге көмектескен сол айыпталушылардың адвокаттары да судьядан жазаны барынша жеңілдетуді сұрады.
Тағы да оқыңыздар:
Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы алдағы Олимпиадаға қатыспауы мүмкін
Биылғы түлектерге тегін оқу үшін қай мамандыққа тапсырған дұрыс?
Ақтөбеде «Арлан» арнаулы жасағы командирінің орынбасары қолға түсті
Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері Роналдудың командасын әбігерге салды
"Эйр Астана" ұшқыштары 10 мың долларға дейін жалақы алатын болып шықты
ОҚО-да ҰБТ-дан ұпай жинай алмаған оқушы қыз өзіне қол жұмсады
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1169034-almatyda-8-zhyl-boyy-sabi-satumen-aynaly/