Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Соғыс басталған тұстағы фотолар

Опубликовано:

75 жыл бұрын, 1941 жылы маусымның 22-сі күні гитлерлік Германия армиясы КСРО шекарасын бұзып кірді деп жазады Азаттық Радиосы.

Кеңес кезінде соғыстың басталуына тек Германия кінәлі ретінде сипатталды, 1939 жылы КСРО мен Германия жасасқан Польшаны бөлісу туралы Молотов-Риббентроп келісімі туралы мүлде айтылмады.

Соғыс басталған соң КСРО құрамындағы Қазақстан тұрғындары да әскерге шақырылып, екі миллионнан астам адам әскери даярлықтан өтті. Олардың арасынан атқыштар және атты әскер бригадалары құрылып, майданға жіберілді.

Азаттық Қазақстан орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар мұрағатынан алынған тарихи суреттерді ұсынады.

Германияның Кеңес Одағына шабуыл жасағанына байланысты өткен митинг. Алматы, 1941 жыл.

Әскерге жазылуға келген еріктілер. Алматы, 1941 жыл.

Әскери дайындықтан өтіп жатқан азаматтар. Алматы, 1941 жыл.

Германияның Кеңес Одағына шабуыл жасағанына байланысты өткен митинг. Алматы, 1941 жыл.

Паровоз депосындағы өзін өзі қорғау жасағының жаттығулары. Шымкент, 1941 жыл.

Жалпы әскери оқу. Әйелдер кавалериялық жасағы. Жаркент, 1941 жыл.

316-атқыштар дивизиясының жауынгерлері вагонға беттеп барады. Алматы, 1941 жыл.

316-атқыштар дивизиясының жауынгерлерін майданға шығарып салған сәті. Алматы, 1941 жыл.

Мемлекетке астық тапсыру. Алматы облысы, 1941 жыл.

Бұл фотоға "Үй шаруасындағы Л. Дубровская майданға арналған қорға алтын сырғасы мен күміс ыдыс-аяғын өткізіп тұр. Алматы, 1941 жыл" деген сипаттама жазылған.

КСРО ақпарат бюросының майдандағы жағдай туралы мәліметін тыңдау сәті. Павлодар, 1942 жыл

Фотоның сипаттамасында "8-гвардиялық панфиловшылар дивизиясы командирлері Бауыржан Момышұлы мен Дмитрий Снегин жоспарды талқылап тұр. Мәскеу түбі, 1941 жыл" деп жазылған.

Талғат Бигелдинов (сол жақтан санағанда екінші) майдандастары арасында тұр. Украина, Кировоград қаласы, 1943 жыл.

Кеңес Одағының батыры Мәлік Ғабдуллин ақын Жамбыл Жабаевтың үйінде қонақта отыр. Алматы облысы Ұзынағаш ауылы, 1943 жыл.

Мұрағатта бұл фотоға "К. Ұлыбаев - мерген (оң жақта) майдандастарының арасында. 1944 жыл" деген сипаттама жазылған.

Тағы да оқыңыздар:

Ақтөбеде келіншегінің құлағы ұнамай қалған жігіт оған бірден "талақ" айтқан

Баян Есентаеваның мұрнына пластикалық ота жасалатын болды

Қоқыс арасындағы өмір: ОҚО-дағы 5 балалы жесір ананың аянышты тағдыры (фото)

Астанада қымбат көлік мінген шенеуніктердің бірі велосипедшіні қағып кетті (фото)

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы алдағы Олимпиадаға қатыспауы мүмкін

Биылғы түлектерге тегін оқу үшін қай мамандыққа тапсырған дұрыс?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1169642-soghys-bastalghan-tustaghy-fotolar/