Қазақстан Орталық Азиядағы ең бейбіт мемлекет деп танылды
Опубликовано:
Қазақстан Орталық Азиядағы ең бейбіт мемлекет болып табылып отыр деп хабарлайды muslim.kz.
Global Peace Index рейтингі бойынша біздің еліміз әлемнің 163 мемлекеті арасында 75-орынды иеленген. Айта кетерлігі, көршілес Түркіменстан, Өзбекстан, Тәжікстан мемлекеттері бұл тізімде Қазақстаннан кәдімгідей қара үзіп қалған.
Global Peace Index рейтингісі жыл сайын Экономика және бейбітшілік институтының мамандарының сараптамасына сүйене отырып жасалады.
Бұл орайда елдегі зорлық-зомбылық пен қылмыс көрсеткіші сияқты ішкі факторлар мен халықаралық қарым-қатынас, әскери салаға жұмсалған шығын секілді сыртқы факторлар ескеріледі.
Рейтинг бойынша әлемдегі ең бейбіт ел Исландия деп танылса, Сирия мемлекеті тағы да тізімнің соңына орналасқан.
Тағы оқыңыз:
Қарағандыдан кейін күйдіргі дерті Шығыс Қазақстан облысынан шықты
Елімізде шенеуніктерге тым қымбат киім киюге тыйым салынбақ
Ертіс ернеуінен асып, Өскеменді топан су басты
Қазақстан Орта Азиядағы ең бейбітсүйгіш ел болып танылды
Қарағанды облысында "Сібір жарасынан" көз жұмғандарды дәрігерлер бірнеше күн тентіреткен
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1171649-qazaqstan-ortalyq-aziyadaghy-enh-beybit/