Түркістан әкімі 500-ге тарта тұрғынның басын қосып, ауызашар берді (фото)

Опубликовано:

Түркістан өлкесінің өңір тұрғындары жергілікті биліктің қасиетті айда ұйымдастырып жатқан игі істерінің жалғасына куә болды. Түркістан қаласының әкімдігі шаһардағы халық тығыз орналасқан «Сауран» шағынауданында 500-ге тарта тұрғынның басын қосып, ауызашар өткізді.

Бұл туралы Отырар арнасы хабарлайды.

Түркістан әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында арзан бағада азық-түлік жәрмеңкесі өтсе, кешкісін аулаға шығып, асыр салған балғындарға 1000 балмұздақ тегін таратылды. Бұған қоса 3 тонна қарбыз да тұрғындарға ақысыз үлестіріліп, сауапты іс еселене түсті.

Қала билігі қайырымдылық шарасында мұнымен шектеліп қалмаймыз деп отыр. Алдағы күндері игілікті шара қаланың халқы көп шоғырланған екі аймағында өтпек.

Соның бірі Тоқаш Бокин көшесінің бойындағы көп қабатты тұрғын үйлердің ауласында ұйымдастырылса, Рамазан айындағы үшінші ауызашар рәсімі «Түркістан Ахмет Ясауи» мешітінде өтеді.

Тағы да оқыңыздар:

Еліміздегі жас келіндер күйеуінен "мәхр" сыйлығы үшін пәтер мен құндыз тон сұрайтын болған

Стамбулдағы Ататүрік әуежайында жантүршігерлік жарылыс болып, 36 адам қаза тапты (фото)

Қоғам қайраткерлері Білім министрінен қазақ тіліне бөгет жасамауды сұрады

Оңтүстік Қазақстан облысындағы "Қытай қалашығы" туралы не білеміз?

Алматыда студенттердің ақшасын жымқырған есепшілер жеңіл жазамен құтылып кетті

АҚШ-тағы гей-парадқа Қазақстанның көк байрағын қазақ қызы алып шықты (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1175180-turkistan-akimi-500-ge-tarta-turghynnynh-b/