Әскерге баратын жігітті "бомж"деп атап, бейәдеп сөйлеген ақтөбелік дәрігер масқара болды (видео)

Опубликовано:

Ақтөбелік дәрігерлер келушілерді кекетеміз деп өздері күлкіге қалды деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Дәрігердің мәдениетсіздігін видеоға түсіріп, желіге жүктеген тұрғын облыстық аурухананы масқаралады.

Ақтөбе облыстық ауруханасы бас дәрігерінің емдеу ісі бойынша орынбасары Лаура Құсайынова интернеттің жұлдызына айналды. Әскерге бару үшін құжат жинаған жігіт дәрігерлердің қалай мазақ қылатынын баяндап берген. Тұрғын өз сөзінің сенімді шығуы үшін қабылдау сәтінен видеожазба дайындаған.

Лаура Мақсатқызы отырған кабинетке барып, жасырын түсірілген видеожазбадан «Сен ешкім, ештеңе емессің, менің деңгейіме жетіп ал, бомж» деп жекіген дәрігердің дауысын естуге болады.

Атышулы дәрігердің былығын NUR.KZ порталына осыған дейін әріптесі дәрігерлердің адам өлімін қалай жасыратынын айтып әшкерелеген болатын.

Қазір облыстық ауруханаға қатысты тұрғынның видео жазбасын бір күннің ішінде алпыс мыңға жуық адам қарап, алты мың адам «лайк» басып қолдау білдірген.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1178550-askerge-baratyn-zhigitti-bomzhdep-atap/