Ақтөбеде дүниеге келген төрт аяқты баланың жынысы анықталмай жатыр

Опубликовано:

Ақтөбеде дүниеге келген төрт аяқты баланың жынысы анықталмай жатыр. Бұл туралы Aktobetimes.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Сиам егіздері өткен аптада дүниеге келген болатын. Алайда шын мәнісінде дүниеге тек бір нәресте келді. Ал жетілмей қалған егізінің кей ағзалары оның денесіне жабысып туған.

"Иә, балада төрт аяқ бар. Онда даму кемшіліктері көп. Баланың жынысы туралы дөп басып айту да әзірге мүмкін емес, оның үстіне бұл бастапқы қажеттілік емес", - дейді Облыстық балалар клиникалық ауруханасының бас дәрігері Нұрлан Қожин.

Бейсенбі күні нәрестеге алты күн болады. Сәбидің өмірін ұзартқан ота – колостомия болды. Бала жансақтау бөлімінде. Ал аяқтарына ота жасау әзірге ерте.

Оның не себепті бұлай дүниеге келгені белгісіз. Бұған экология да, анасының жүктілік кезінде сырқаттануы да әсер еткен болуы мүмкін. Себебі облыста ауытқушылықтармен дүниеге келген сәбилердің саны артып кеткен.

Тағы оқыңыздар:

"91" тобын көргісі келген фанаттар күзетшілермен төбелесіп қалды (фото)

Алматыда төрт мүгедекті жалғыз өзі асырап отырған жігіт көмекке зәру (фото)

Сапарбаев сексендегі әжейді алдамақ болған саудагерге жекіп тастады (фото)

Түркиядағы ұлын бір көруге зар болған ана жүкті әйелдерге үйде отыруға кеңес берді

Шымкент әкімі қызметтік көлігінен түбегейлі бас тартты (фото)

Бүгін әлемнің барша мұсылмандары Ораза айтты атап өтіп жатыр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1180494-aqtobede-tort-ayaqty-balanynh-zhynysy/