Шымкентте Нұрсұлтан есімді 100 бала "Нұрсұлтан ата" әнін орындады (фото, видео)

Опубликовано:

Шымкентте Нұрсұлтан есімді 100 бала бір мезетте елбасы Назарбаевқа арнап "Нұрсұлтан ата" әнін айтты. Бұл думанды ән Астана күніне орай ұйымдастырылған шара барысында орындалды деп хабарлайды NUR.KZ порталының аймақтағы тілшісі.

Оңтүстік Қазақстан облысы жұртшылығының Астана күнін тойлауды бастап кеткеніне бірнеше күн болды. Елорданың кәмелеттік жасқа толатын айтулы күніне орай түрлі әлеуметтік нысандар ашылып, ел қуанышқа кенелуде.

Облыс орталығы Шымкентте «Жан жүрегім - Астана!» салтанатты іс-шарасы өтті. Оған облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов арнайы қатысып, халықты бас қала - Астана күнімен құттықтады.

«Осы ширек ғасыр ішінде еліміздің 18 жылдық тарихы – Астана атауымен тікелей байланысты. Тәуелсіз мемлекетіміздің жаңа астанасын қалыптастыру -  елімізді барынша нығайту және қарышты дамыту жөніндегі саяси стратегиясының жемісі. Президент пен қазақстандықтардың ерік-жігерінің арқасында әлемдегі таңдаулы астаналармен сәулет жағынан бой теңестіре алатын осы заманғы озық мегаполис қалыптасып келеді», - деді аймақ басшысы өз құттықтауында.

Мерекелік шара барысында түрлі концерттік қойылымдар қойылып, жиналған жұртшылық шат думанға кенелді. Сонымен қатар «Астанаға арнау» поэтикалық композициясы оқылып, сахнаға Нұрсұлтан есімді 100 бала шығып, «Нұрсұлтан ата» әнін орындады.

Ән мәтінінде "Нұрсұлтан ата, ұзақ жыл жаса, шаршамай талмай, жасай бер алға" деген тілектер айтылды.

Тағы да оқыңыздар:

Ыдырысов Қырғызстан президентінің сөз сөйлеуінде бейәдеп қылық танытқан қазақ дипломаты үшін кешірім сұрады

Қазақстан президенті 76 жасқа толды

Қазақстанда жыл сайын 80 мың сәби анасының тар құрсағында тұншығып өледі

Шымкентте Нұрсұлтан есімді 100 бала "Нұрсұлтан ата" әнін орындады (фото, видео)

ОҚО-да ақ халаттылар су жаңа жедел жәрдем көлігін табиғат аясында серуендеу үшін пайдаланып жүр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1181364-shymkentte-nursultan-esimdi-100-bala-nur/