Ақтөбеде тепловоз машинисі "Палладаның" алдында "жиһад" жасау ойынан айнып қалған
Опубликовано:
Ақтөбеде 28 жастағы Серік Арыстанов "ДАИШ" үгіттеушілерінің сөзіне еріп, 27 сыбайласымен терактіге аттанған. Алайда ол "Палладаның" алдында "жиһад" жасау ойынан айнып қалған. Арыстановты теракті туралы ескертпегені үшін соттайды. Бұл туралы «Диапазон» басылымына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.
Бірінші маусым күні сот тепловоз машинисі Серік Арыстановты екі айға қамау шарасын қолдану санкциясын шығарды.
Бесінші маусым күні Есет батыр көшесінің бойындағы 103-ші үйдің №14 жалдамалы пәтерінде 45 радикал жиналды. Олар бірінің баласының туған күнін тойлатып жатқан. Одан бөлек "ДАИШ" шейхі Аднанидің үгіттеулерін тыңдап отырған.
Кейін Дмитрий Таңатаров дәптерден "Алланың түсі" деген сөздермен басталатын дәрісін оқып, қарулы күш иелеріне қарсы шығуға үгіттеген. 45 жігіттің 26-сы бұл үгіттеуді қолдап, көшеге шыққан. Сол жерде Таңатаров оларға қару-жарақ дүкеніне қалай шабуылдайтынын айтқан. Кейін бәрі "Палладаға" жол тартып, бірнеше минуттың ішінде үш бейбіт тұрғынды өлтіреді. Ал Серік Арыстанов соңғы сәтте райынан қайтып, кетіп қалады.
Енді оны теракті туралы ескертпегені үшін соттауда. Тергеу теракті туралы Арыстанов ертерек айтқан жағдайда, бейбіт тұрғындардың қазасы орын алмауы мүмкін еді деп отыр. Ал Арыстанов болса, діндестерінің жоспары туралы тек бесінші маусымда білгенін және ескертіп үлгеру мүмкін болмағанын алға тартып, түрмеге жаппауларын өтінді. Алтыншы маусым күні ол полицейлерге өзі келген екен.
Арыстанов тергеу жүргенше 29 тамызға дейін қамауда болады.
Ақтөбедегі ірі лаңкестік оқиға бойынша барлық жаңалықтарды мына жерден таба аласыздар
Тағы да оқыңыздар:
Астаналықтардың миллионға жеткеніне неге сенбестік айтылды?
Кезінде бүкіл одақты кенімен қамтамасыз еткен Ащысай ауылының тұрғындары әрең күнелтіп жүр (фото)
Қазақстанда жыл сайын 80 мың сәби анасының тар құрсағында тұншығып өледі
Танымал көріпкел алдағы уақытта Қазақстанды не күтіп тұрғанын болжады
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1181770-aqtobede-teplovoz-mashinisi-palladan/