Бірін бірі жеті жыл күткен тараздық жас жұбайлар темір торда үйленді
Опубликовано:
Таразда 158/4 түзету мекемесінде үйлену тойы өтті. Бостандықта бастары қосылмаған жас жұбайлар түрмеде заңды түрде некелерін қиды деп хабарлайды 31 арна.
Ынтық жандар бұл күнді жеті жыл күтіпті.
Түрмедегі тойға бас құда ретінде түрме басшылығы түгел қатысты. Келін түсіруге түзету мекемесі барынша дайындалған. Астанадан келген қалыңдық той үшін Таразға күні кеше табан тіреген. Көптен бері сүйіктісін көрмеген келіншек толқынысын жасыра алмады. Ал күйеу жігіт Оралбек Ахановта тіптен маза жоқ. Қос жүрек кездесуге ынтық болып, ұйқысыз өткізген түндердің өтеуі ретінде қуана қауышты. Көпшілік той төріне жас жұбайларды бар сән салтанатымен шығарды.
Қолына құсын қондырған Оралбектің жасы 38 болса, Ботакөз одан екі жас үлкен. Түрмеге дейін көңілдері жарасқан жұп азаматтық некеде болған екен. Сүйгенімен енді қосылайын деп жүргенде Оралбек "есірткі сатты" деген айыппен 12 жылға сотталып кетіпті. Бірақ қос ғашыққа бұл кедергі болмапты. Жеті жыл байланыс үзбеген жұп неке жүзігін тақты.
"Осы уақытқа дейін бір-бірімізбен байланыста болдық. Сырласып, сырымызды айтып жүрдік. Енді Аллаға шүкір осы күнге жеткенімізге. Бақыттымын, әр қашанда бақытты болатынымзға сенемін", - дейді қалыңдық Ботакөз Айбекова.
Алайда жас шаңырақты толыққанды отбасы деуге әлі ерте. Оралбек тағы бес жыл жазасын өтеуі тиіс. Бостандықтағы Ботакөз бұл күнді де күтуге бар. Екі жасқа түрме басшылығы ерекше тарту дайындапты. Тойға тарту болсын деп бал айы ретінде жолдама бермесе де, ынтық екі жасқа екі күн, екі түн бірге болуға мүмкіндік жасапты.
Тағы оқыңыздар:
Алматы облысында «көбелек» синдромы меңдеген бөбектің жағдайы қайта ушыға бастады
Ақтөбеде тепловоз машинисі "Палладаның" алдында "жиһад" жасау ойынан айнып қалған
Желіде ислам тақырыбындағы роликті «ұнайды» деп белгілеген павлодарлық рэпер тұтқындалды
Португалия құрамасы ЕУРО-2016-ның финалына шықты (видео)
Айсұлтан Назарбаев қызына қандай есім бергенін айтты
Танымал көріпкел алдағы уақытта Қазақстанды не күтіп тұрғанын болжады
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1182099-birin-biri-zheti-zhyl-kutken-tarazdyq-zha/