Алматы облысында тасбауыр ананың баласын не үшін әжетханаға тастағаны белгілі болды

Опубликовано:

Алматы облысында туған баласын әжетханаға тастаған тасбауыр ана табылды. Полицияның айтуынша, көкек ана босанатын жер ретінде әжесінің әжетханасын таңдаған деп хабарлайды КТК арнасы.

Полиция өкілдерінің айтуынша, көкек ана босанатын жер іздеп, Ақши ауылында тұратын әжесінің әжетханасын таңдаған екен. Анықталғаны – еш жерде жұмыс істемейді әрі тұрмыс та құрмаған. Өзі етжеңді келген қыздың аяғы ауыр екенін туыстары да байқамаған көрінеді. Ал өзі не үшін осынша озбырлық жасағанын тергеушілерге әзірше түсіндіре алмапты.

"Қарасай ауданының тұрғыны, 1994 жылғы. Ауылға апасының үйіне келіп таңғы 6-ға таман толғағы қысқан. Содан далаға шығып дәретханада туып тастап кеткен", - дейді Іле аудандық ІІБ бастығының орынбасары Нұрлан Сартов.

Сәбиді емханаға ішкі істер органы қызметкерлері әкелген. Нәжіс ішінде жатып қалған қыз баланың қазіргі жағдайы жақсы. Аздап миы шайқалған екен. Бірақ дәрігерлер жуындырып, тиісті ем-домдарын жасаған. Қазір жағдайы бірқалыпты, денсаулығында кемдік жоқ.

"3 келі 400 грамм салмағы, бойы 55 см. Келген кезде өте кір болды. Өте мазасыз. Ем қажет етеді. Баланың басына УЗИ түсірілді. Оттегі жеткіліксіздігі бар. Емін алып жатыр", - дейді неонатолог Жанар Орынбасарова.

Дәрігерлердің айтуынша, Іле ауданында өз баласынан жеріген аналар аз емес екен. Бірақ нәрестенің дәретханадан табылуы бірінші рет кездесіп отыр дейді. Аты-жөні де қызық. Бұл жағдайдан шошып қалдық деген полицейлер әзірге сәбидің тегін Шакирова деп жаздырыпты.

Аздап ширағасын Қарлығаш есімді сәби балалар үйіне өткізілетін болады. Ал тасбауыр ана қазір тергеу абақтысында отыр. Енді 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қазір тергеушілер бойжеткеннің достарынан жаппай түсініктеме алып, кіммен тығыз араласқанын анықтауда. Сөйтіп, тастанды сәбидің әкесін іздеп таппақ.

Еске сала кетсек, осыдан бірер күн бұрын Ақши ауылында дәретханадан жаңа туған сәбидің табылғаны белгілі болған. Кейін оның тұңғыш баласын да осылай тастап кеткені анықталды.

Тағы оқыңыздар:

Сапарбаев: Қытайды емес, қазақты жұмыспен қамтуымыз керек

Журналист байлардың көңілдесі болып, кейін қараусыз қалатын тоқалдардың жанайқайын айтты

Дінтанушы араб дәстүрімен никаб киіп алатын әйелдермен сөйлесу қиын екенін айтты

Мәсімов: Бізге елбасымен бірге бақуатты Қазақстанда тұру бақыты бұйырды

Астанада 2 жасар інісімен серуенге шыққан қыз із-түзсіз жоғалып кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1182993-almaty-oblysynda-balasynan-zherigen/