Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атыраулық ана өзін күтіп-бақпаған ұлынан алимент өндіріп алды

Опубликовано:

Атырау облысының Махамбет аудандық сотына талап қоюшы Г.Б.-ның баласы Ш.М.-дан өзін күтіп-бағуға алимент өндіріп алу туралы арыз келіп түсті деп хабарлайды Қазақпарат.

Талап қоюшы Г.Б. сотқа берген талап арызында, жауапкер Ш.М. жалғыз баласы болып келетінін, табыс тауып отырса да, үнемі табысын өзіне жұмсап, бірге тұруына байланысты көмек көрсетпейтінін, ұлына және өзіне алған қос несиені төлеп отырғанын, ақшасын жеткізе алмайтынын, өзінің көмекке мұқтаж екенін көрсетіп, ай сайын 60000 теңге мөлшерінде өмір бойына алимент өндіруді сұраған.

Алдын ала сот отырысында тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келді.

Келісім шарттары бойынша жауапкер Ш.М. талап қоюшы Г.Б.-ға ай сайын 40 000 теңгеден өмір бойына төлеуге міндеттенді. Талап қоюшы Г.Б. жауапкер Ш.М.-дан ай сайын 40 000 теңгені алуға келісіп, талабынан бас тартады.

Сот ұйғарымымен азаматтық іс бойынша тараптардың дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімі бекітілді.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енді деп хабарлайды Атырау облысы Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметінен.

Тағы оқыңыз:

Ақтөбелік актриса бір түннің ішінде басқа ағымға қалай кіріп кеткенін айтты

Алматы облысында тасбауыр ананың баласын не үшін әжетханаға тастағаны белгілі болды

2 жасар інісін ертіп Астанадағы үйінен кетіп қалған қыз Алматыдан табылды

"Неміс машинасын" тоқтатқан Франция Еуропа чемпионатының финалына шықты

Астананы жаңбыр суынан құтқару үшін бюджеттен 10 миллиард теңге жұмсалмақ

Сапарбаев: Қытайды емес, қазақты жұмыспен қамтуымыз керек

[videoadv

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1183084-atyraulyq-ana-ozin-kutip-baqpaghan-uly/