Белгісіз меценаттар Павлодар облысындағы көпбалалы анаға үй сатып алып берді

Опубликовано:

Белгісіз меценаттар Павлодар облысындағы көпбалалы анаға үй сатып алып берді. Бұл туралы "Экспресс К" басылымына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Жасыбаевтвар отбасының өз үйі 2013 жылдың маусымында түгелдей өртеніп кеткен болатын. Өрт болған түні әйел бес баласымен тірідей өртеніп кете жаздаған.

40 жастағы Эльмира Жасыбаеваның бақыттан басы айналып жүр. Екі ай бұрын ғана үйсіз қалғанын айтып мұңын шаққан келіншек одан әрі қалай өмір сүрерін білмей жүрген. 2013 жылы ол үйімен бірге бүкіл мүлкі кеткенін мәлімдеген болатын. Өрт сымдардың күюінен болған.

"Өрт сөндірушілер жарты сағатта әзер жетті. Сол арада біз үйіміздің өртін сөндірей алмай жүрдік. Тек терезеден құжаттарымыз бар сөмкені ғана алып үлгердік", - деп есіне алды Эльмираның үлкен қызы Талшын.

Далада қалған көпбалалы ана әкімдіктен көмек сұрағанда, олар қолын сілтеп қоя берген. Ақыры әйел басылым арқылы меценаттардан көмек сұраған.

"Маған Қазақстанның түкпір-түкпірінен қоңыраулар келіп түсті. Олар ақша аударып, моральдық көмек көрсетті. Біздің қайғыға бей-жай қалмағандарға рақмет.  Еріктілер, спортшылар, қарапайым тұрғындар қолынан келгенше көмектесті: азық-түлік, киім-кешек алып келді. Елімізде мұнша қайырымды жан барын білмеппін", - дейді әйел.

Осы уақытқа дейін Эльмира бес баласымен құрбысының үйін паналаған. Кейін әпкесіне көшіп барған. Дегенмен бұл ұзаққа созылмасын түсінген. Бір күні оған өздерін Рустам және Александр деп таныстырған екі ер адам хабарласады. Олар отбасына тегін үй сатып алып беруге әзір екенін айтқан.

"Шынымды айтсам, бастапқыда сене қоймадым. Бүтін бір үй алып беруге әзір жандар барын елестету қиын. Олардың өтініші бойынша мен ауылдан лайық үй таптым. Кейін Рустам мен Александр үйді сатып алып, менің атыма рәсімдеді де кетіп қалды. Ешқандай қолхат алып, міндеттер де жүктемеді. Тек менің жағдайымнан хабардар болғасын шын жүректен көмектескісі келгенін айтты", - деп қуанышымен бөлісті көпбалалы ана.

Жаңа үй ескісінен әлдеқайда жақсы болып шықты. Үйде бар жағдай жасалған. Қорасы, моншасы, ас үйі, гаражы, тіпті көкөніс егілген бақшасы да бар. Бұрынғы қожайындары Ресейге көшіп бара жатқасын, Жасыбаевтар отбасына кір жуатын машинасы мен теледидарын сыйлап кеткен.

"Бәрінен бұрын балаларым мәз. Әпкемнің үйінде тұрғанымызда олар көбіне уақытын далада өткізетін, себебі бәрімізге кішкентай пәтерге сыйысу қиын болды. Ал енді мен жаңа үйіме маған көмектескендердің бәрін шақырып, дастархан жаймақшымын. Мен енді ғажайыптарға сенемін. Бұған қарапайым мейірімді жандар себепші", - дейді Эльмира Жасыбаева.

Байзақ Бейісовтің материалынан аударылды.

Тағы оқыңыз:

ОҚО-да "түнгі көбелектердің" қай аудандардан көп шығатыны анықталды

Ақтөбелік актриса бір түннің ішінде басқа ағымға қалай кіріп кеткенін айтты

Алматы облысында тасбауыр ананың баласын не үшін әжетханаға тастағаны белгілі болды

2 жасар інісін ертіп Астанадағы үйінен кетіп қалған қыз Алматыдан табылды

"Неміс машинасын" тоқтатқан Франция Еуропа чемпионатының финалына шықты

Сапарбаев: Қытайды емес, қазақты жұмыспен қамтуымыз керек

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1183428-belgisiz-mecenattar-pavlodar-oblysy/