Алматы облысында жас жұбайлар дүркіретіп той жасаудан бас тартты (видео)

Опубликовано:

Алматы облысы Талдықорған қаласында жас жұбайлар тойдың орнына бейімдеу орталығының балаларына қуаныш сыйлап, дастарқан жайды. Бұл туралы "Экспресс К" басылымына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Астана күнінде жас жұбайлар той мен қымбат лимузиндерде қыдырудан бас тартты. Олар тойдың орнына кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталығындағы бөбектерге мерекелік дастарқан жайған. Мейірімді ерлі-зайыптылар өздерінің есімін жасырын қалдыруды ұйғарған.

Орталық басшылығы үшін бұл күтпеген жайт болды. Балалар Астана күніне концерт дайындап жатқан, алайда жас жұбайлардың сыйлығынан кейін оларға тілек жаудыруды да сценарийге аяқ асты қосып жіберді.

Жас жұбайлар балаларға сыйлық таратып, тәттілермен дастарқан жайғаннан кейін өз есімдерін де айтпай кетіп қалған.

"Бұл шешімді екеуіміз бірге қабылдадық. Неке қиылған күні игі іс жасау идеясы аяқ асты туындады. Болашаққа жоспар құрмас бұрын алғашқы қадамымызды бейімдеу орталығына тағдыр айдап әкелген балаларға жақсылық жасаудан бастағымыз келді. Бұл отбасылық өмір үшін керемет бастау деп ойлаймыз", - дейді жас жұбайлар.

Олар балаларға кез-келген қиындықта берілмеуге кеңес беріп, жылы лебіздерін білдірді.

Лариса Штоппельдің материалынан аударылды.

Тағы оқыңыздар:

Орысша баяндама жасаған шенеунік Бердібек Сапарбаевтан сөз естіді

Белгісіз меценаттар Павлодар облысындағы көпбалалы анаға үй сатып алып берді

Қытайлықтар Қазақстандағы ең ірі алтын өндіретін кен орнын сатып алмақ

Белгілі дінтанушы Шымкентті сәләфтардың орталығы деп атады

Елеусізов: Билік Ресейге зымыран құлайтын жер беру үшін халықпен ақылдасқан жоқ

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1183502-almaty-oblysynda-zhas-zhubaylar-toydynh/