Демалыс күндері Қазақстанның оңтүстігінде ауа температурасы +42ºС дейін көтеріліп, аптап ыстық болады

Опубликовано:

Қазақстанның оңтүстігінде 9-11 шілдеде күндіз ауа температурасы +37+42ºС болады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап ҚазТАГ.

«Иран аудандарынан келген тропикалық ауа, оңтүстік-батыстық тропосфералық ағымдардың арқасында ауа температурасы көтеріледі. Күндізгі ауа температурасы плюс 28-36º, оңтүстікте 37-42ºС дейін қызады», - делінген жұмадағы хабарда.

Синоптиктердің ақпарынша, шілде өзінің жаз мезгілінің ең ыстық айы екендігін дәлелдей бастады.

«Егерде алдағы тәулікте, облыстардың басым бөлігінде найзағай ойнаған өткінші жаңбыр күтілсе, жексенбі мен дүйсенбі күндері бұл тектес ауа-райы батыс өңірде ғана сақталады. Еліміздің басқа аумақтарында жауын-шашынсыз ашық күндер келеді», - делінген мәтінде.

Тағы оқыңыздар:

Қазақстандықтар педофил туыстарынан қалай зорлық көргенін ашық айта бастады

Алматы облысында жас жұбайлар дүркіретіп той жасаудан бас тартты (видео)

Орысша баяндама жасаған шенеунік Бердібек Сапарбаевтан сөз естіді

Белгісіз меценаттар Павлодар облысындағы көпбалалы анаға үй сатып алып берді

Қытайлықтар Қазақстандағы ең ірі алтын өндіретін кен орнын сатып алмақ

Белгілі дінтанушы Шымкентті сәләфтардың орталығы деп атады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1184025-demalys-kunderi-qazaqstannynh-onhtust/