Нұротандықтар депутаттарға ілесе алмай қалған тілшіні «бастығыңа айтамын» деп қорқытты

Опубликовано:

Парламент депутаттары Құралай Қарекен мен Асылбек Смағұлов Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданына барды. Олар телеарна журналистерінің өздерімен үнемі бірге жүргенін қалайтынын айтып, мәжілістен келген депутаттар «біз сұқбат бермейміз бе?» деп камераны өздері іздеп кетті деп хабарлайды өңірден NUR.KZ тілшісі.

«Жаңағы камерасы бар балалар қайда? Неге олар бізбен жүрмейді? Бізді түсірмей ме?», - деп депутаттар тележурналистерді іздеумен болды.

Депутаттарды таба алмай қалғанын ашумен жеткізген журналист облыстық «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасарынан сөз естіп тынды.

«Кімдер мыналар? Раукен Сағызбайұлына айтайын», - деген «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Айбек Сағиевтің сөзін тілші де жауапсыз қалдырған жоқ.

«Не деп айтасыз? Сіз маған ұрысып жатсыз, дұрыс па? Отыншин деп қорқытады ғо», - деп жауабын берді облыстық телеарнаның тілшісі.

Арадағы түсініспеушілікті нұротандықтардың өздері «Жақсы ашуланбаңыз, ұят болады», - деп басты.

Түсірілім депутаттар бас сұққан аудандық ауруханада жалғасты. Аудандық аурухананың бас дәрігері өкпе ауруына шалдыққандардың 47 пайызға өскенін айтты.

«Бүгінде өзекті мәселе өкпе ауруына шалдыққандардың жағдайы болып тұр. Бұл дертке шалдыққандар саны 47 пайызға артты. Арасында екі жасөспірім баланың болғаны жақсы емес», - деді Әйтеке би аудандық ауруханасының бас дәрігері Жолдас Қамбаров.

Мәжілістен келгендер депутаттардың жұмысының жеңіл емес екенін, оны парламентке барғаннан кейін өз көздерімен көріп жүргенін айтып берді.

«Біз халық үшін жұмыс жасайтын азаматтармыз. Жұмыс көп. Мен парламентке дейін көп жерде жұмыс істедім. Депутаттарға қатысты әртүрлі әңгімелер болды. Бірақ мен өз көзіммен көрдім, депутаттардың атқаратын жұмысы көп. Біздің негізгі жұмысымызға ел аралау жатады», - дейді парламент депутаты Асылбек Смағүлов.

Депутат «мына заманда жағдайымыз қалай болады» деп алаңдап отырған халыққа өңінде көрмеген жетістіктерге жеткенімізді айтып сендіруге тырысты.

«Біз жетістіктерді айтуымыз керек. Халықтың түсіне кіріп шықпаған жетістікке жеттік. Оны көре алмайтындар жетеді. Әсіресе басқа елдерде көре алмай қызғанатындар жетеді. ТМД елдерімен салыстықсақ, қызығып қарайтын жетістіктеріміз бар. Сондықтан соған шүкіршілік етуіміз керек», - дейді Асылбек Смағұлов.

Тағы оқыңыздар:

Аралқұмдағы емші бала: Маған «жын кіріп кеткен екен» деп айтқандар тоқтатсын! (фото)

Еуро-2016: Португалия тұңғыш рет Еуропа чемпионы атанды (видео)

«Нұр отан» мүшесі Қазақстанға келіп жатқан қытайларды әшкереледі

Дос Көшім: Сатушысынан премьер-министріне дейін жемқорлық жайлаған елде реформа жүргізуге болмайды

Жириновский Алматыдағы Масанчи көшесін өзінің есімімен атауды ұсынды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1184951-nurotandyqtar-el-aralaghan-deputatta/