Шымкентте 5 жасар қызды зорлаған азғын қамауға алынды

Опубликовано:

Шымкентте бес жастағы қыз балаға азғындық әрекеттер жасады деген күдікпен 34 жастағы ер адамды қамауға алынды деп хабарлайды ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап NUR.KZ.

Естеріңізге салсақ, 2016 жылдың 11 шілдесі күні, Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ-не 1969 жылы туылған жергілікті тұрғын, Ордабасы алаңының аумағында 30-35 жас шамасындағы белгісіз ер кісі оның 2011 жылы туған қызын қорламақ болғаны туралы арызданған.

Оқиға орнына жеткен полицейлер жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 1982 жылы туған Ордабасы ауданының тұрғынын құрықтады. Мас халдегі күдікті Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ-не жеткізілді.

Аталған жайт Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ-нің сотқа дейінгі бірыңғай тергеп-тексеру тізіліміне тіркеліп, Қылмыстық кодекстің 124-бабы бойынша, қылмыстық іс қозғалды.

Алдыңғы сот-медициналық сараптамасы 5-жастағы бүлдіршіннің ешқандай дене жарақаттарын алмағанын анықтаған. Алайда, қосымша тағайындалған коллегиялық сот-медициналық сараптамасының қорытындысына сай, бүлдіршіннің денесінде зорлық белгілері бар екені анықталды.

Қазіргі таңда күдікті Шымкент ҚІІБ-ның уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Тағы оқыңыздар:

Халықаралық университеттер рейтингіне еліміздің бірде-бір жоғарғы оқу орны кірмеді

Қазақстанның үздік жоғары оқу орындары анықталды

Қазақ азаматы он жыл жазықсыз түрмеде отырғаны үшін Ресейден $8000 өндіріп алды

Алты тіл білетін қазақ қызы өзінен он жас кіші үнділікке тұрмысқа шықты

"Еуразия бірінші арнасындағы" жер дауына қатысты жалған ақпараттың артында кім тұр?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1187270-shymkentte-5-zhasar-qyzdy-zorlaghan-azghyn/