Қарағандылық жігіт алғашқы кездесуде-ақ бойжеткеннің телефонын ұрлап кетті

Опубликовано:

Қарағандылық жігіт  ғаламтор арқылы танысқан қызбен бірінші кездесуде оның телефонын ұрлап кеткен. Бұл туралы «Наша ярмарка» басылымына сілтеме жасап stan.kz хабарлайды.

Белгілі болғандай 28 жастағы Марат Аханов желіде отырып Гүлмира Садықованы кездесуге көндірген.

«Маған өзгелердің қамқорлығы мен мейірімінен басқа ештеңе де қажет емес. Мені түсінетін жанды іздеп жүрмін», - деп жігіт бойжеткенге хабарлама жібереді.

Екі баланың әкесі бойжеткеннің басын айналдыру мақсатында өзін бойдақ әрі кәсіпкер деп таныстырған. Негізінде, ол фермерлік шаруа қожалығында қара жұмыс істейтін болып шықты.

Мараттың қызды алдап соққаны соншалықты кездесуге шақырып, бірден келісімін алған.

Олардың алғашқы кездесуі ойламаған жерден болған. Сол кезде Гүлмира Мараттан арнайы бір жерге бару ұсынысын да күткенін жасырмайды. Тіпті соған жоспарлап уақыты мен жұмыстарын да реттестіріп қойыпты.

Тамақтану орнына барған екеуі жақыннан таныса бастаған кезде «кәсіпкер» жігіттің шұғыл шаруалары шығып қалады. Телефонымда қаржы бітіп қалды деген сылтаумен ол қыздың ұялы байланысын сұрап алып, «қазір әріптесім көлікпен келеді, мен оны сырттан күтіп алайын» деген сылтаумен сыртқа шығып кетеді.

Бойжеткен жігітті стол басында жалғыз отырып екі сағатқа жуық уақыт күтеді. Ақыр соңында алданғанын сезген ол тапсырыс берген тамақтардың ақысын төлеп, телефонын тауып береді-ау деген үмітпен полицияға хабарласады.

Тәртіп сақшылары күдіктіні 43 мың теңгенің телефонын сатып жібірмек болып тұрған жерінен ұстайды. Жігіт өз әрекетін «Ақша қажет болғандықтан, амалсыз бардым» деп түсіндірген.

Жәбірленуші жігіттің жазалануын талап етпегендіктен сот «кәсіпкердің» бір жылға бас бостандығын шектеді.

Тағы оқыңыздар:

Балқаштың екі тұрғыны әйелді қағып кетіп, оның мәйітін көміп тастады

Әскерден қайтқан қазақстандық сарбаздарды шетелдіктер мазақ етті (фото)

Халықаралық университеттер рейтингіне еліміздің бірде-бір жоғарғы оқу орны кірмеді

Қазақстанның үздік жоғары оқу орындары анықталды

"Еуразия бірінші арнасындағы" жер дауына қатысты жалған ақпараттың артында кім тұр?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1187325-qaraghandylyq-zhigit-birinshi-kezdesud/