Сапарбаев дүкенге келген кішкентай балаға күтпеген жерден сыйлық алып берді (фото)

Опубликовано:

Ақтөбенің кішкентай тұрғыны Бердібек Сапарбаевтан сыйлық алды. Әкім дүкенде жүрген баланың басынан сыйпап, тәтті алып берген.

Бұл туралы аймақтағы NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Ақтөбелік тұрғындар облыс әкімінің көше аралап, халықпен жүздесу сәттерін әлеуметтік желіде жиі бөліседі. Альфия есімді тұрғын өз парақшасында әкімнің бүлдіршінге сыйлық жасағанын жазған.

Тұрғынның түсірген видеосынан кулинария дүкеніне кірген әкімнің кішкентай балаға тәтті алып беріп жатқаны түсіп қалған.

«Сенің атың кім? Ұялып қалды ғой деймін. Үйіңе барып мамаңа айт, саған берсін. Басқа біреуге беріп қоймасын», - деп әзілдеген облыс басшысы кішкентай баланың қолына жент ұстатқан.

Облыс басшысы атын сұрағанда ұялып қалған бала әкімнен алған сыйлығын қуанып мамасына көрсеткен.

Тағы да оқыңыздар:

Махаббаты өшпеген 75 жастағы ғашықтар жалаңаш суретке түсті (фото)

2011 жылы теракт болған Шұбарши халқы қара жамылғандардан қорқып отыр (фото)

Ақтөбе облысында аяғы ауыр келіншек 5 баласымен клуб күзетіп жүр (фото)

Атышулы Тоқтар Төлешевтің қараусыз қалған аюы ауыр дерттен өліп қалды

Еуропа чемпионаты жайлы қызықты 10 дерек қандай? (фото)

Астаналықтар халықтың қақ ортасында тұрған Әсет Исекешовті танымай қалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1188055-saparbaev-dukenge-kelgen-kishkentay-b/