Қарағанды облысында 13 жасар қыз өзінің жақын ағасынан балалы болды

Опубликовано:

Өзінің 13 жасар туыс қарындасын зорлады деп айыпталып, бес жылға сотталған 19 жастағы Сәтпаев қаласының тұрғыны аппеляцияға бермек, деп жазады Today.kz сотталушының ата-анасына сілтеме жасай отырып.

"Сөзсіз аппеляциялық арыз болады. Ұлым кінәлі емес, зорлық болған жоқ. Сот пен прокуратура осы байланыстан туған алты айлық нәрестені әкесіз қалдырды", - дейді жігіттің әкесі.

Ал зардап шеккен тарап сот шешіміміен келіседі.

"Қызымыздың жүкті екенін бізден жасырғаны өтірік. Ол өзі алты айлық жүктілігі кезінде білді бұл туралы. Ол тым жас, дене бітіміндегі өзгерістер нені білдіретіндігі жайында түсінігі де болмаған", - дейді 13 жасар қыздың анасы.

Дүниеге келген қыз бала атасының атына жазылды.

"Сәтпаев – кішкене ғана қала, мұнда бәрі бірін-бірі таниды. Менің қызым жүктілік деген не екенін, туыс ағасының істегені зорлау екенін де білмегенін өзгелер түсінсе деймін", - дейді қыздың анасы.

Естеріңізге салсақ, 12 шілдеде 19 жасар Қарағанды облысының тұрғыны өзінің 13 жасар туыс қызын зорлағаны үшін бес жылға қатаң режимдегі колонияға кесілді.

Сотталушы өз кінәсін мойындамады. Ол қарындасымен жақын қатынасқа түскенін растады, дегенмен, оның екі жақты келісіммен болғанын айтады.

19 жастағы сотталушы қылмыс жасалған сәтте 17 жаста болған. Оның 13 жасар қарындасымен болған қатынасынан дүниеге қыз бала келген.

Тағы да оқыңыздар:

Ильинді масқаралаған Владимир Седовтың өзі допинг дауына ілікті

Махаббаты өшпеген 75 жастағы ғашықтар жалаңаш суретке түсті (фото)

2011 жылы теракт болған Шұбарши халқы қара жамылғандардан қорқып отыр (фото)

Ақтөбе облысында аяғы ауыр келіншек 5 баласымен клуб күзетіп жүр (фото)

Қазақтың боксшы қыздары әлемдік рейтингте топ бастады

Төреғали Төреәлі "миллионер" атанды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1188482-qaraghandy-oblysynda-13-zhasar-qyz-ozininh/