Танысының көзін шұқып өлтірген алматылық ер адам 10 жылға сотталып кетті

Опубликовано:

Алматыда танысының көзін шұқып өлтірген адам 10 жылға сотталды деп хабарлайды Қазақпарат.

Алматы қаласының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында Қылмыстық Кодекстің 99-бабының 1-ші тармағы бойынша (кісі өлтіру) сотқа берілген азаматқа қатысты қылмыстық істі қарау аяқталды.

Сотта анықталғандай, 2015 жылы 29 желтоқсанда ішімдік ішіп алған жәбірленуші сотталушы азаматтың жалға алған пәтеріне ішімдік алып келеді. Осыған байланысты, екеуінің арасында жанжал туындайды. Сол жанжал барысында сотталушы екі саусағымен қатты ұрып, жәбірленушінің көзін шұқып алады.

Кейін, қолымен және аяғымен ұрады. Бұдан соң, темір құбырмен соққының астына алады. Соның салдарынан жәбірленуші оқиға орнында қаза табады. Қылмысынан кейін сотталушы есікті жауып, оқиға орнынан бой тасалаған.

Сот үкімімен азамат Қылмыстық Кодекстің 99-бабының 1-ші тармағына сәйкес, 10 жылға бас бостандығынан айрылды. Ол енді жазасын ерекше режімдегі түзету колониясында өтейтін болады.

Тағы оқыңыздар:

Бапкер Риода Қытайдың намысын қорғайтын қазақ баласы жайлы айтты

Бетін тұмшалаған ақтөбелік әйел қалай паранжасын тастағанын айтып берді

Даниал Ахметов ШҚО-да 40 млн теңгеге шыны саркофаг салдырмақшы

Ақтөбе облысында әйел героинді жыныс мүшесіне жасырып, Қостанайға өтпекші болды

Бейжің Олимпиадасына қатысқан тағы 6 қазақстандық допинг күдігіне ілінді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1189695-tanysynynh-kozin-shuqyp-oltirgen-almat/