Италиялыққа күйеуге шыққан қазақ қызы өзге елде келін болудың қиындықтарын баяндады

Опубликовано:

Италиялық азаматқа күйеуге шыққан қазақ қызы Шахида Мақұлбаева өзге елде келін болудың қиындықтарымен бөлісті. Бұл туралы weproject.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Бойжеткеннің Италияда тұрып жатқанына төрт жыл болған. Ол италиялық азаматқа ғашық болып, оған тұрмысқа шыққанын айтуда.

"Біздің ортақ қызымыз бен ұлымыз бар. Мен тұратын аймақтың халқы кедей. Мұнда зауыт та жоқ, екі қолға бір күрек табу қиын. Бастапқыда қала маған шуақты, ал халқы ашық-жарқын болып көрінді. Алайда қайнаған өмірге араласа бастағанда, бәрі өзгеше болып кетеді", - деп ағынан жарылды бойжеткен.

Қазақ қызын шетелде жергілікті биліктің ұлын қабылдағысы келмегені ашуландырған.

"Ұлым дүниеге келгенде, ол италиялық төлқұжат алуы тиіс болған. Алайда құжаттарды тапсырғанымызда, бізге екі ай күтуге тура келді. Сол кезде мен оларға барып, менің ұлыма азаматтығы мен төлқұжаты көк тиынға керек еместігін мәлімдедім. Олар мені сабырға шақырып, кофе ұсынды. Бәрін асықпай істейтінін алға тартты", - деп есіне алды Шахида.

Мақұлбаеваның қызы он жаста. Ол бірінші сыныпты Алматыда оқыған. Ал бүгінде Италияның мектебін кілең бестікке оқып жүрген қызы анасының мақтанышына айналған.

Ал күйеуі Қазақстанға келгенде қазақтардың етті көп жейтіндігіне таң болған екен.

"Күйеуім -аспазшы, ол біздің тағамдарымызды ұнатып қалды. Ал енем болса, дастарханда ұзақ шай ішіп отыратынымызға таң. Дегенмен оған бұлай шай ішетініміз ұнайтынын байқап қалдым", - дейді бойжеткен.

Италияның Реджо-ди-Калабрия қаласында тұратын Шахида халықтың өте лас екенін жасырмайды. Жүрген жерін қоқсытып жүре беретін тұрғындарды көргенде қазақстандық аң-таң болған. Дегенмен жағажайдың әдемілігі қазақ қызына ұнайтын көрінеді.

Мақұлбаева Италияның халқы сыпайы болғанымен, жайдары жүзінің артында жаман ой жасырынып тұруы мүмкін екенін ескертеді.

"Мен италиялыққа тұрмысқа шықсам да, олардың шетелдікке күдікпен қарауынан арыла алар емеспін. Сіз мұнда тек қонақсыз, ал жұмысқа тұруды армандамай-ақ қойыңыз. Жергілікті тұрғындар жалқау, бастысы тамақ болса болды. Басқа дүние-мүлікке қызығушылықтары жоқ. Олардың балаларды ұлтына қарай алаламайтыны маған ұнайды. Олар барлық баланы "махаббат" деп атап, үлкен сүйіспеншілікпен қарайды", - дейді бойжеткен.

Шахида қазақстандықтардың жастары әлдеқайда мақсатты екенін байқаған. Ал күйеуінің өз елінде тұратыны бойжеткеннің көңілінен шығатын сыңайлы.

"Көптеген шетелдікке шыққан қазақтардың отбасылары Қазақстанда бұзылады. Себебі Қазақстанда сұлу қыздар көп. Олар өзіне көңілдесті оңай тауып алады. Ал мұнда әдемі қыздар аз. Сондықтан ештеңеге алаңдамайсың. Мен бастапқыда менталитетіне үйрене алмай қиналдым. Себебі, шығыс мәдениетімен тәрбие алған маған үлкендерге сен деп сөйлеу ерсі көрінеді. Ал Италияда үлкендерге ондай құрмет жоқ", - дейді бойжеткен.

Қазақ қызы күйеуінің анасына тым қатты жақын болғанына таңырқаған.

"Олар үшін анасы қашан да бірінші орында. Бұл дұрыс емес. Салдарынан ұлдары есеймей, өмір-бақи бала секілді болып қалады. Күйеуім іші ауырып қалғанда, анасына хабарласуымды сұрайды. Мен сол кезде "сенің әйелің бар және өзім-ақ жазып аламын" деп айтқым келіп тұрады. Мұнда сені келін ретінде қабылдамауы мүмкін. Алайда италиялықтар керемет күйеу бола алады", - дейді Шахида.

Тағы да оқыңыздар: 

Павлодар облысының жастары үнділердің діни мерекесін дүркіретіп атап өтпек

Ресей зымыран қалдықтарын тастау үшін Ақтөбенің 22 мың гектар жерін жалға алған

Халықты сенбілікке шақырып алған Ақтөбе әкімі өзі түк істемей, қарап тұрды

Cелден кейін домбырасын құшақтап қалған қазақ баласы жұрттың жүрегін тебірентті (фото)

Атырауда "Toyota" 10 тонналық жүк көлігін аударып тастады (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1190644-italiyalyqqa-kuyeuge-shyqqan-qazaq-qyz/