Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаржы дағдарысы қысқан қызылордалықтар тойтабақ таратудан бас тартып жатыр

Опубликовано:

Қызылордалықтар той соңында таратылатын тойтабаққа келгенде сараңдық танытып отыр. Өңірде аста-төк сыйлық таратушылар қатары азайған деп хабарлайды аймақтағы NUR.KZ тілшісі.

Әдетте, қандай той болмасын, кеш соңында тойтабақ таратылатыны белгілі. Кәдесый ретінде бағасы қымбат емес дүниелер тарту етіледі. Соған қарамастан, тойдың соңына дейін тойтабақты күтіп отыратын жандар жиі кездесетін.

Міне, сол тойтабақ тарату соңғы уақытта Қызылордада сиреп бара жатқандай. Қаржы дағдарысы алғаш бой көрсеткенде кішігірім лентамен байланған ыдыстар таратылса, кейін жуынуға қажетті құралдар берілді. Асаба арнайы хабарландыру жасап, даяшылар подносқа салып алып шығатын. Қазір мұндай көріністерді тойда көру қиын.

«Қазір тойлар үлкен мейрамханаларда өтеді. Шақырылған қонақтардың саны да аз болмайды. Әрине, той иелері олардың барлығына бірдей тойтабақ ала алмайды. Бірақ бұл дәстүр бұрыннан келе жатқан үрдісіміз. Той жұғысты болсын деген тілекпен еске қаларлық сыйлықтар таратылуы қажет. Ежелден келе жатқан дәстүрлеріміз жойылмауы тиіс», - дейді ақ жаулықты ана Хадиша Есмұрзаева.

Қызылордалық сатушылар тойтабаққа деген сұраныстың төмендеуінен біраз шығынға ұшырап жатқандарын айтады. Бұрын көрші елден көптеген бұйымдар тасымалдап сататын, қазір мұндай жұмыстың тоқтап қалған.

«Менің естелік заттарды, картиналарды, түрлі сағаттарды сатып келе жатқаныма 5 жыл болды. Мұндай жағдай бұрын болмаған еді. Бішкекке қатынап, сувенирлер алып келетінбіз. Санында шек жоқ. Әрбірі сынып қалмасын деп қағазға орайтын едік. Әсіресе, тұсаукесер жасайтын жандар түрлі жануар пішіндес тиын жинағыштарды алатын. Қазір сауда жоқ. Өткен жылы алынған тауарларымыз көп өте қойған жоқ. Әрине, бұл жағдайға қаржы дағдарысы өз әсерін тигізіп кетті», - дейді сатушы Салтанат Алмасова.

Әрине, барлық тойларды тойтабақ таратылмайды деп айтуға болмайды. Кейбір кештерде шоколадтар үлестіру сәнге айналған. Алайда, сол мезетте желініп қалатын немесе баланың қолында кететін тәтті ертеңгі күні сыйлық ретінде есте қалмайтынына аға буын өкілдері қынжылады.

Тағы да оқыңыздар: 

Италиялыққа күйеуге шыққан қазақ қызы өзге елде келін болудың қиындықтарын баяндады

Ресей зымыран қалдықтарын тастау үшін Ақтөбенің 22 мың гектар жерін жалға алған

Халықты сенбілікке шақырып алған Ақтөбе әкімі өзі түк істемей, қарап тұрды

Атышулы "Келін" фильмінің актрисасы жалаңаштанып түсуге әкесінен рұқсат алған

Павлодар облысының жастары үнділердің діни мерекесін дүркіретіп атап өтпек

Тумысынан екі аяғы жоқ қақпашы жанкүйерлерін сүйсінтті (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1190967-qarzhy-daghdarysy-qysqan-qyzylordalyq/