ІІМ Алматыдағы атысқа қатысы бар екінші күдіктінің қолға түскенін растады

Опубликовано:

ІІМ Алматыдағы атысқа қатысы бар екінші күдіктінің қолға түскенін растады деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап NUR.KZ.

"Ішкі істер органдарының қызметкерлері Алматы қаласының Алмалы АІІБ-ге кірмек болған қылмыскердің жанындағы ер адамды қолға түсірді. Оның құқықбұзушылық әрекеттерге қатысы бар не жоқ екені тексеріліп жатыр", - деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметінен.

Осыған дейін қарулы қақтығыс кезінде тәртіп сақшылары қылмыскерді ұстаған. Күзеттен ұрланған автомат қаруы тәркіленді. Қылмыскер «Қазақконцерт» АҚ ауданында қолға түсті.

Қазір қаладағы жағдай тұрақты және құқық қорғау органдарының бақылауында.

Еске сала кетейік, бүгін күндізгі сағат 11 шамасында Алматыда полицейлер мен белгісіз адамдар арасында атыс болды. Салдарынан 3 полиция қызметкері мен 1 бейбіт тұрғын қаза тапты.

Осыдан соң, қалалық ІІД Алматы қаласы бойынша антитеррорлық операция жүргізіліп жатқанын хабарлап, қалада террорлық қауіп-қатердің қызыл белгісін енгізді.

Алматыдағы атысқа бұрын адам өліміне қатысты болған 27 жастағы Қызылорда облысының тумасы кінәлі деп айтылуда.

Бүгінде қалада қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, тұрғындар өте сақ қимылдауда.

Алматыдағы лаңкестік оқиға бойынша барлық жаңалықтарды мына жерден таба аласыздар

Тағы оқыңыздар:

БАҚ: Алматыдағы атыс кезінде мәжіліс депутатының інісі қаза болды

Белгісіз адамдар Алматыдағы атыста қаза болғандардың тізімін таратып жатыр (фото)

Алматыдағы елді дүрліктірген шабуыл: Оқиғаның хроникасы (фото, видео)

Алматыдағы атыстан қаза тапқан «Күзет» қызметкерінің артында екі баласы қалды

Алматыдағы оқиғадан хабардар болған ақтөбеліктер қорқынышпен отыр (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1193473-iim-almatydaghy-atysqa-qatysy-bar-ekin/