Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ішкі істер министрі: Екінші күдікті сыбайлас емес, кепіл тұтқын

Опубликовано:

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Алматыдағы атыс кезінде ұсталған екінші күдікті лаңкестің сыбайласы емес, кепіл тұтқын екенін айтты. Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.

Алматыдағы атыстың егжей-тегжейін мемлекет басшысына ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов айтып берді.

Оның мәліметіне сәйкес, құқыққорғау органдарының қызметкерлері жарты күн іздеген екінші күдікті оның сыбайласы емес, кепіл тұтқын болып шықты.

«Қылмыскер көшеге жүгіріп шығып, көлік тоқтатып, сол көлікке отырған. Оның сыбайласы деп санаған екінші адамды ол Байзақов көшесіне баруға қорқытып мәжбүрлеген. Жолда келе жатып шақыртумен бара жатқан патрульдік көліктерге бірнеше рет оқ атқан. ҰҚК ғимаратына келіп жеткен бойда көліктен түсіп, тағы бір патрульдік көлікке оқ жаудырған. Қызметкерлердің екеуі сол жерде жарақат алды. Жүргізуші осы сәтті пайдаланып қашып шыққан. Біз оны қазір таптық», – деді Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов.

ІІМ басшысы сондай-ақ ұсталған қылмыскер бір күн бұрын Өзбекстан азаматы болып келетін әйел адамды өлтіріп кеткенін мәлім етті. ҰҚК төрағасының ақпаратына сай, қылмыскер бұған дейін екі рет сотталған.

«Үйленген, бүгінде Алматы облысының Ынтымақ ауылында тұрған. Ұялы телефон саудасымен айналысқан. 2010 жылдың 27 тамызында Шымкент қаласының Еңбекші аудандық соты «күш қолдану арқылы тонау» 178/2-бабы бойынша соттаған. 2012 жылдың 8 мамырында Қызылорда соты «заңсыз қару сатып алу және оны сақтау» 251-бабы бойынша соттаған. Колонияда «салафиттермен» байланысқан. Қазір ол жағын анықтаумен айналысып жатырмыз», – деді ҰҚК төрағасы Владимир Жұмақанов.

Алматыдағы лаңкестік оқиға бойынша барлық жаңалықтарды мына жерден таба аласыздар

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев Алматыда болған атысты теракт деп атады

Қаралы дүйсенбі: Алматыдағы атыстан жалпы есебі 5 адам қаза тапты

ҰҚК: Алматыдағы терактіні жасаушы бұрын сотталған салафит

Алматыдағы атыста қаза болған полицейлердің есімдері белгілі болды (фото)

Қасымов: Алматыны дүрліктірген лаңкес түнде жеңіл жүрісті әйелді атып тастаған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1193861-ishki-ister-ministri-ekinshi-kudikti-sy/