Қызылорда облысында екі бірдей отбасында үшем дүниеге келді
Опубликовано:
Қызылорда өңірінде екі бірдей отбасында үшем дүниеге келді деп хабарлайды 24.kz.
34 жастағы Салтанат Карбоз шекесі торсықтай ұлдарын Ерасыл, Нұрасыл мен Жанасыл деп атапты. Тізгін ұстар сәбилер айы-күніне жетіп өмірге келген. Ал мерзімінен бұрын босанған байқоңырлық 22 жастағы Гүлзира Шағатаева 3 қыз баланы дүниеге әкелді.
Дәрігерлер Әмина, Алина және Ләйлә есімді нәрестелердің жағдайы бірқалыпты дейді. Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен «Ақ орамал» акциясы аясында бақытқа бөленген аналар мен сүйкімді сәбилерге сый-құрмет көрсетілді.
"Үйде қызымыз бар. Енді 3 інісі болады. Бірінші УЗИ-ге түскен кезде үшем деп айтқан кезде қуанып қалдым өзім. Үшеуіне енді әжелері көмектеседі", - дейді
қала тұрғыны Салтанат Карбоз.
Айта кеткен жөн, жыл басынан бері аймақта 8 мыңнан астам бала жарық дүние есігін ашыпты. 120-сы егіз де, 3-еуі үшем.
Тағы оқыңыздар:
Алматы жұртшылығын дүрліктірген адам тергеу изоляторына қамалды
Қазақстандықтар Алматыда қаза болған теракт құрбандарын аза тұтуда
Алматылық тұрғын қаза тапқан полицейлердің арасынан көршісін көріп, есеңгеріп қалған
Ішкі істер министрі: Екінші күдікті сыбайлас емес, кепіл тұтқын
Алматыдағы атыс кезінде қаза болған старшина ондаған адамды ажалдан арашалаған
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1194250-qyzylorda-onhirinde-eki-birdey-otbasy/