Шымкентте жоғалып кеткен 10 жасар бала аман-есен табылды

Опубликовано:

Шымкентте жоғалып кеткен 10 жасар бала аман-есен табылды деп хабарлайды Skifnews.kz басылымы.

10 жасар Ұлықбек Тұрсынбек 18 шілде күні Шымкентегі «Бекжан» базарында жоғалып кеткен болатын. Анасынан дәретханаға барамын деп сұранып кеткен жеткіншекті мұнан кейін ешкім көрмеген.

38 жастағы әйел бір тәулік бойы ұлын өзі іздеп көрмек болыпты. Алайда, мұнысынан нәтиже шықпаған соң ішкі істер органдарына арызданған. Тексеру барысында белгілі болғандай, оқушы бала бұған дейін де үйінен бірнеше рет қашып кеткен екен. Анасының полицияға кеш арыздануы да содан дейді ОҚО ІІД баспасөз қызметі.

Шұғыл іздеу жұмыстары барысында сол күні кешке тәртіп сақшылары Ұлықбекті қала базарларының бірінен іздеп тапты. Денсаулығына ешқандай зиян келмеген. Оның не үшін анасынан кетіп қалғандығы анықталу үстінде. Белгілісі, баланы ешкім ұрлап кетпеген.

Тағы оқыңыздар:

Алматы орталығындағы арнайы операциядан фото-трансляция

Алматыда тағы бір арнайы операция өтіп жатыр (фото)

Алматы жұрты қаза тапқан полицейлермен қоштасып жатыр (фото)

Алматыда қаза тапқан полицейдің артында аяғы ауыр әйелі қалды (фото)

Алматыда тағы бір полиция қызметкері көз жұмды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1196096-shymkentte-zhoghalyp-ketken-10-zhasar-bala/