Алматыда қамаудағы әйелді зорлаған күдікті 2 айға қамалды

Опубликовано:

Алматыда ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің ЛА-155/18 мекемесінің тергеу абақтысында жазасын өтеп жүрген Наталья Селекишинаны зорлаған күдікті екі ай мерзімге тұтқындалды деп хабарлайды Қазақпарат.

«Алматы қаласының №2-ші Медеу аудандық соты Қылмыстық кодекстің 362-ші бабы 4-ші тармағының 1-ші бөлігі (қызмет бабын асыра пайдалану) және 120-шы бабы 2-ші тармағының 4-ші бөлігінде (зорлау) қарастырылған құқық бұзушылықтарды жасаған деген күдікпен ұсталған тұлғаға қатысты қамауға алу жөнінде бұлтартпау шарасын санкциялады. Аудандық сот Х. Р.-ға қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу жөнінде бұлтартпау шарасын санциялау туралы қаулы шығарды», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, сотталушы Наталья Селекишина биыл шілде айының басында қамауда топтық зорлаудың құрбаны болғандығын, соның салдарынан қыз босанғандығын хабарлаған болатын.

Оның айтуынша, түрме басшылығы алғашында зорлау туралы істі жасырмақ болған. Алайда, сараптама қылмыстық іске қатысты тұлғалардың бірінің әкелігін растады.

Зорлау оқиғасы ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің ЛА-155/18 мемлекеттік мекемесінің тергеу абақтысында болған. Наталья Селекишинаның айтуынша, осы мекеменің төрт қызметкері оны зорлаған.

Тағы оқыңыздар:

Қазақстанда параны ең көп алатын мемлекеттік органдар қайсысы?

Мәдениет және спорт министрі қажылыққа кеткендерді қатаң бақылауға алуды ұсынды

Алматыдағы қанды қырғыннан соң полицейлерді жаппай тексеріс күтіп тұр

Алматыда арнайы операция не үшін өткізілді?

Алматыдағы атыста қаза тапқан Аян Ғалиев ұлының өмірге келуін 10 жыл күткен

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1196248-almatyda-qamaudaghy-ayeldi-zorlaghan-k/