Мамандар қант бағасының 450 теңгеге қалай көтерілгенін түсіндіре алмады

Опубликовано:

Ел ішінде қант тапшылығы болмауы тиіс. Қант өндіруші негізгі мекеме «Орта Азиялық қант корпорациясы» өкілдері осылай деді. Бір айлық тұтыну мөлшері 33 мың тонна болса, зауыт 45-47 мың тонна өнім өндіріп отыр.

Бұл туралы Астана арнасы хабарлайды.

Ал зауыт, шетелде қант бағасы қымбат болғандықтан, экспортталып жатыр деген ақпаратты жоққа шығарды. Дегенмен көптеген аймақта құмшекер бағасы қымбаттап барады. Өскемен дүкендерінде қант енді пайда бола бастады. Бірақ көлемі аз. Сондықтан 1 адамға 10 келіден артық сатылмай жатыр.

Өскеменнің тұрғындары ғана қыстық тәтті тосаптар қайната алмай қиналып отырған жоқ. Саяжай иелері де жидек, таңқұрай, шиелерін сата алмай шығынға батып отыр. Қант дилерлері сұхбаттан бас тартты. Шенеуніктермен кездесу кезінде олар қоймалардың бос тұрғанын хабарлады.

Ал табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаменті жіберген сұрауларға жазбаша жауап беріп құтылды. Оның мазмұны төмендегідей. «Қантты жеткізуде іркіліс бар. Үнемі жеткізілмейді. Кешеуілдетіп, аз көлеммен келеді, аптасына 1-2 вагон. Ал Өскеменнің қажеттілігі - күніне екі вагон».

Ал негізгі өндіруші «Орта Азиялық қант корпорациясының» бас кеңсесі тапшылықты түсіне алмай отыр. 5 зауыттың екеуі жұмыс істеп тұрған көрінеді. Күн сайын 1,5 мың тонна шекер шығарады. Айлық норма 45-47 мың тонна. Ал сұраныс 33 мың тонна, - деп отыр зауыт өкілдері.

"Екі зауыт жетіп жатыр. Үшінші, төртінші зауыттарды қосудың қажеті жоқ. Біз «Рахат», «Баян сұлу» сынды өндірістік компанияларды қоса есептегенде, нарықты толық қамтамасыз етіп отырмыз. Сондықтан ешқандай дүрбелең болмауы керек", - дейді «Орта Азиялық қант корпорациясы» ЖШС қамтамасыз ету бөлімінің бастығы  Лаура Бергібаева.

Дегенмен халық қант тапшылығынан дүрлігіп отыр. Дүкен сөрелері бос. Көтерме сауда орталықтарында құмшекердің келісін 325 теңгеден босатып жатыр. Оның өзінде бір қолға 10 келіден артық сатпайды. Құмшекер тапшылығы Ақтөбеде сезілген кезде, сұраныс артқаны мен вагон жетіспеушілігімен түсіндірілді. Кейін монополияға қарсы комитет спекулянттық жүйені қарай бастады. Ал негізгі өндіруші компания өнімді шетелге экспорттаған жоқпыз деп ақталды.

Жағдайдың ушыққаны сонша, ұлттық экономика министрлігіне араласуға тура келді. Шығыс Қазақстандағы монополияға қарсы мекеме бағаның қалайша 450 теңгеге дейін аспандап кеткенін анықтаймыз деп сендірді.

"Қант біздің дилерлерге 245 теңгемен келді. Олар 260 теңгеден сатты. Қазір біз барлық делдалдық жүйені тексеріп жатырмыз. Дүкендерде баға 420-450 теңгеге қалай жеткенін анықтаудамыз", - дейді  ТМРБҚК ШҚО департаменті бастығының орынбасары Людмила Устьянцева.

Тексеріс нәтижесі бойынша шешім қабылдаймыз. Қазір халық елде нормадан артық өндіріліп жатқан қанттың дүкендерге жетуін күтіп отыр. Алайда шекер бағасы бұрынғы күйінде бола ма, жоқ па - ол жағын әзір ешкім айта алмайды.

Тағы да оқыңыздар: 

Түркістан әкімі өмір бойы мақта теріп, демалуды мүлде ұмытқан әжейді саяхатқа жіберді

Қарағанды облысында келіншек екі жасар қызын 30 мың теңгеге сатпақ болған

Қанат Ислам бар шаруасын ысырып қойып, қазақ боксшыларына көмектесіп жатыр

Орыс журналисті тәжіктерді "Равшан мен Жамшуттың" елі деп кемсіткен

Астаналық тәртіп сақшылары футболдан шыққан жанкүйерлермен жаға жыртысты

Ақтөбеде көшеде тыр жалаңаш жүрген еркек жұртты шошытты (видео)

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1197839-mamandar-qant-baghasynynh-450-tenhgege-qala/