Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақша жымқырғаны үшін ұсталған атышулы депутат соңғы сөзінде Алланы аузына алды

Опубликовано:

 

Бүгін Ақтөбе облыстық мамандандырылған ауданаралық сотында үстінен қылмыстық іс қозғалып жатқан атышулы ақтөбелік меценат Мейіржан Өндіргенов соттағы соңғы сөзін айтты. Ол абақтыда 1,5 жылдан бері не үшін отырғанымды түсінбедім деп ақталды.

Бұл туралы NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

«Абақтыда отырғаныма бір жылдан асты. Көп ойландым, не үшін отырғанымды түсінген жоқпын. Маған тағылған айыпқа ешқандай дәлел жоқ екеніне көзім жетті. Ең үлкен айып – қылмыстық топ құрды деген болып отыр. Мен олай істеген жоқпын. Маған айып таққан Пірманов дәлелсіз жала жапты. Дәлелсіз арызданғандар Алланың алдында жауап береді», - деді облыстық мәслихаттың бұрынғы депутаты Мейіржан Өндіргенов.

Ол өзінің үстінен шағым жазған бұрынғы әріптесі Пірмановқа бекер сендім деп өкінді.

«Ол адамдардың бетіне қарай алмайтын болғандықтан сотқа келген жоқ. Мен бюджеттің ақшасын ұрлады деген айыпқа да келіспеймін. Халықты қоғамдық көлікте жеңілдікпен тасымалдау болды. 2009-2015 жылға дейін «жеңілдікпен тасымалдау болған жоқ» деген ешқандай шағым болған жоқ. Олар маған халықты қоғамдық көлікпен жеңілдікпен жүруге бөлінген қаржыны жымқырды деген айып тағып отыр. Кім тегін, кім жеңілдікпен жүргенін халық біледі. Сондықтан тағылған айып заңсыз», - деп ағынан жарылған депутат әріптестерінен кешірім сұрады.

«Мен өзіме сенген жұмысшыларымнан кешірім сұраймын. Оларды әбігерге салдым. Олардан қорқытып жауап алды. Қасымда отырған Ербол Әділовтен де кешірім сұраймын. Ол маған қарсы жауап бермегені үшін абақтыда қасымда отыр. Маған сенген отбасымнан кешірім сұраймын. Құрметті сот, менің бас бостандығымнан айырмауды сұраймын. Мен қылмыскер емеспін. Менің әлі де пайдам тиеді», - деді басы дауға қалған депутат соңғы сөзінде.

Ашынып сөз сөйлеген депутат әкімдік пен депутаттардың атына кір келтірмегендігін де айтты.

«Мен кімнің сеніміне кіріп, алаяқтық жасаған екенмін? Қала әкімінің бе әлде депутаттардың ба? Бұл миға қонбайтын, адамгершілікке жатпайтын зат. Тағылған айып та заңға қайшы. Жұмыстан, үйден қаражаттың шыққаны рас. Ол қаржы кәсіпорындарға тиесілі. Сонымен қатар өзім тоқсаныншы жылдардан бастап кәсіпкерлікпен айналысып келемін. Мен мүлікті заңдастыру талабына сәйкес өзіме тиесілі 2 миллионнан аса доллар мен 1 миллионнан аса евро қаржыны тіркеттім», - деді депутат.

Ақтөбелік меценат елдің алдында әлі аяқталмаған шаруалары барын айтты.

«2015 жылы силикат зауытын жоспарлаған болатынмын. Мен тағы 500 адамға жұмыс тауып берер едім. «Емшан» компаниясында 1600 адам жұмыс жасады»,-деді Өндіргенов.

Естеріңізде болса, мемлекет қаржысын жымқырды деп айыпталған Өндіргеновке мемлекеттік айыптаушы он жыл бас бостандығынан айыру керек деген болатын.

Атышулы депутатқа қатысты судья Ахметқали Молдағалиев 1 тамызда үкім шығарады.

Тағы да оқыңыздар: 

Алматыдағы атыста жараланған сақшылардың бірі есін жиды

Қазақстан ауыр атлеттеріне Олимпиадаға қатысуға рұқсат берілді

Қаза болған полицейдің ұлы: Әкем парызын өтеп жүріп көз жұмды

Кесарь тілігінен соң әйелдердің өз күшімен босануына бола ма?

Маңғыстау облысында жолаушылар автобусы тұтастай жанып кетті

Мамандар қант бағасының 450 теңгеге қалай көтерілгенін түсіндіре алмады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1198248-aqsha-zhymqyrghany-ushin-ustalghan-atyshul/