ОҚО-да есік алдына есірткіні жайқалтып қойған қария сот алдына келді
Опубликовано:
ОҚО-ның Отырар ауданында заңсыз есірткі еккен 81 жастағы қария сотталды деп хабарлайды Замана басылымы.
Қарияның айтуына қарағанда, ол 2016 жылдың наурыз айында мал бағып жүріп, ақ түсті қағазға оралған дәндер тауып алады. Қария бұл дәндердің көкнәр өсімдігінің ұрығы екенін білген.
2016 жылдың сәуір айының орта тұсында ол қария өзі тұратын үйінің ауласына әлгі көкнәр өсімдігін еккен. Өзінің бұл ісінің заңсыз екенін білсе де, бұл өсімдікті күнделікті күтіп-баптап, суғарып тұрған.
Аталған оқиға көп ұзамай құқық қорғау органдарына белгілі болды. Бұған орай тиісті шара көріліп, қарияға қатысты Қылмыстық кодекстің 300-бабының 2-бөлігі, 3-тармағына сай қылмыстық іс қозғалды.
Оған үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза белгіленіп, өз кінәсін толық мойындағандықтан мәміле түріндегі процессуальдық келісім жасалды.
Тағы оқыңыздар:
Бердібек Сапарбаев өзін «жер сатты» деп айыптаған адамды сотқа бермекші
Алматыдағы терактіден қаза тапқан Аян Ғалиевтің отбасына пәтер берілді (фото)
Бас прокурор кадрлар туралы: Кім болса, соны алып жатырмыз
Еріктілер Еркеш Шәкеевтің ұлын экстрасенстер нұсқаған жерден де таба алмады
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1198761-oqo-da-esik-aldyna-esirtkini-zhayqalty/