Еркеш Шәкеев ұлын босатуды сұрап отыр

Опубликовано:

Қазақстандық композитор Еркеш Шәкеев Алматыда алтыншы күн іздеп жүрген баласының жоғалуына байланысты мәлімдеме жасады деп хабарлайды Қазақпарат.

«Өмірімді өнер мен адамдарға қызмет етуге арнадым. Өкінішке қарай, қиын жағдайға тап болдық. Әке ретінде ұлым Сафарды ұстап отырғандардар болса немесе оның қайда екенін білетіндерден босатуын сұраймын. Бұл тұлғаларды жауапкершілікке тартпауы үшін қолымнан келгенін жасауға уәде етемін. Түсіністік танытасыздар деп үміттенемін», - деді Еркеш Шәкеев.

Қазір жоғалған жігіттің туыстары мен жақындары Сафарды соңғы рет көрген жердегі бейне бақылау камералары мен видеорегистраторларға үміт артып отыр. Бұл Ремизовка бағытына қарай әл-Фарабиден жоғары Сейфуллин көшесі маңы.

Жуырда алматылықты іздеп жүрген штаб енді оны шаңғы трамплині аумағынан іздейтіні белгілі болды.

Сонымен қатар жігітті іздеугеІІМ ТЖК республикалық жедел құтқару жасағының мүшелері қосылды. Олар Весновка өзені - учаскесін Шевченко көшесінен Райымбек даңғылына дейінгі аумақты шолып шықты. Сонымен қатар, Сафарды қаланың құтқару қызметі іздеуде, 100-ден астам полицей мен ерікті тартылды.

Еске сала кетейік, 1991 жылы туған Сафар Шәкеевтің жоғалғаны туралы хабар Медеу аудандық ІІБ-на 16 шілдеде шамамен сағат 22:00 түсті. Оны 110 полицей мен 60 ерікті іздеді.

Атап өтейік, белгілі қазақстандық композитор ұлының қай жерде екенін айтқан адамға 10 млн теңге беретінін айтқан.

Тағы оқыңыздар:

Бердібек Сапарбаев өзін «жер сатты» деп айыптаған адамды сотқа бермекші

Алматыдағы терактіден қаза тапқан Аян Ғалиевтің отбасына пәтер берілді (фото)

Бас прокурор кадрлар туралы: Кім болса, соны алып жатырмыз

Еріктілер Еркеш Шәкеевтің ұлын экстрасенстер нұсқаған жерден де таба алмады

Астана базарына барған Исекешев пен Бишімбаевті саудагерлер құрт және қымызбен сыйлап жіберді (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1198878-qazaqstandyq-kompozitor-erkesh-shakee/