Шымкентте түсініксіз жағдайда жоғалған қызды жігіт ұрлап кеткен

Опубликовано:

21 шілде күні тура 13 сағаттан соң жоғалып кеткен 13 жастағы қыз үйіне қайта оралды. Нақтырақ айтқанда, қызды 16 жастағы жігіттің әпкесі мен анасы алып келген.

Бұған дейін қыздың анасы сол жігіттен күмәнданған болатын деп жазады Stan.kz.

Анасының сөзінше, қыздың жағдайы жақсы. Қыздың айтуынша, танысы 16 жастағы Дидар оны қаладағы пәтерлердің біріне апарып, досына қаратып тастап кеткен. Ол қайтып ораламын деп уәде берген.

Ал бірнеше сағаттан соң пәтерге белгісіз әйел жас қызбен бірге келеді. Олар қызды өз үйіне алып барған.

Ал қыздың анасы болса он алты жастағы жігіттің үстінен арыз түсіріп, соңына дейін бармақшы. Ал жігіттің мұндай әрекетке неліктен барғаны белгісіз. Полиция жоғалып қайта табылған қыз туралы әлі түсініктеме бермеді.

Тағы да оқыңыздар:

Еркеш Шәкеев ұлын босатуды сұрап отыр

Мюнхенде атыс болып, онға жуық адам қаза тапты

Алматыдағы атыстан соң есін жимаған үш полицей жансақтау бөлімінде жатыр

Әсет Исекешов Астананы су басқаны үшін халықтан кешірім сұрады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1199043-shymkentte-tusiniksiz-zhaghdayda-zhoghal/