Танымал журналист жіберген домбыра Баян-Өлгейдегі қазақ баласының қолына тиді (фото)
Опубликовано:
Берік Уәли жіберген домбыра Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында селден кейін сынған домбырасын құшқтап қалған баланың қолына тиді.
Бұл туралы Janarbek Aqbi есімді желі қолданушысы Берік Уәлидің Facebook-тегі парақшасында жариялады.
«Баян-Өлгейдегі селден зардап шекендердің фотосын ғаламторға шаштық. Басты мақсат ел болып қиналған ағайындарға көмек қолымызды созсақ деген игі тілек еді. Солардің ішінде домбырасы шағылған Олжастың фотосы да ғаламторды шарлап кетті. Фото көптің назарын аударды. Танымал журналист Берік Уәлиді де сынған домбыраны құшақтаған балақайдың фотосы бей-жәй қалдырамаса керек. Баян-Өлгейге селден зардап шекендерге қаржысында ұсынып үш жасар Олжас балақайға жаңа домбыра алып беріп жіберіпті», - деп жазылған әлеуметтік желі парақшасында.
Домбыраны селден зардап шеккендерге қолұшын беру үшін Қазақстаннан арнайы барған Аятжан Ахметжан мен Амангелді Құрметұлы Берік Уәлидің аманатын орындап, 3 жасар Олжасқа табыстаған.
Олжастың әкесі де Берік Уәлиге алғысын айтып, жұмысына сәттілік тіледі.
Еске сала кетсек, Моңғолиядағы сел тасқынынан кейін домбырасын құшақтап қалған бала әлеуметтік желі қолданушыларының жүрегін тебіренткен еді.
Тағы оқыңыздар:
Бекболат Тілеухан: Жер туралы заң қабылданғанда мен депутат болған жоқпын
Мұхтар Шаханов атыраулық белсенділерге бостандық беруді талап етті (видео)
Шымкентте жұмысшылардың жалақысын бермек болған азамат жұмбақ жағдайда жоғалып кетті
Мұхтар Тайжан: Жер комиссиясының қай мүшесі қалай дауыс бергенін ел білуі керек
"Жігіттер тобының" әншісі сәбиін перзентханадан арнайы оркестрмен шығарып алды (фото, видео)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1199340-tanymal-zhurnalist-zhibergen-dombyra-b/