Шенеунік шымкенттіктердің пысық әрі епті екенін мойындауға шақырды

Опубликовано:

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Ішкі саясат басқармасының басшысы Болатбек Төлеген Корреспондент басылымына сұхбат беріп, қоғамдағы шымкенттіктер туралы көзқарасты өзгерту керектігін айтты.

"Нұрсұлтан Назарбаев «қазақ – жалқау» деген әңгімеден құтылатын кез жеткенін атап өтті. Сол сияқты шымкенттіктер туралы теріс пікірден де арылатын кез жетті. Меніңше, ондай әңгімені біздің жаққа келіп көрмеген адамдар немесе бұра тартқысы келіп, қасақана қиястанатындар айтады. Бала күнімізде өзге өңір қыздарының «келіндерінің басына орамал тартқызып, сәлем салдырып қояды» деп Шымкент жаққа келін болудан қорқатынын естуші едік. Кейіннен бізге қу, сұм, алаяқ деп қарайтындар да пайда бола бастады. Сөйтіп, түгел өңір жұртына күйе жаға салады", - дейді Болатбек Төлеген.

Лауазымды басшы шымкенттіктер туралы теріс пікірден арылатын кез жеткенін мәлімдеген.

"Көп жағдайда салт-дәстүрлерді берік ұстанып, еңбекқор, епті болғанымыз үшін де жақпай жүреміз. Мойындаулары керек, біздің елдің азаматтары – еңбексүйгіш, пысық. Ежелден кәсіпке, сауда-саттыққа бейімдігіміздің арқасында, кәсіпкерлік саласы жақсы дамыған. Ірі кәсіпорындар ашылып, отандық өнім өндіруден көш ілгеріміз", - деді шенеунік.

Ал Шымкенттегі той мен "гулянканың" қалай өтетінін мына сілтемеден оқыңыздар.

Тағы да оқыңыздар:

Ақтөбеде екі әйелі мен сегіз баласы бар жігіт өзіне тағы да тоқал іздеп жатыр

Лондонда мас күйінде көлік жүргізген Қазақстан Елшілігінің қызметкері жұмыстан қуылды

Сафар Шәкеевті іздеп жүрген еріктілер кездейсоқ басқа жігітті тауып алды (фото)

Ильин: Жаттығуларды тоқтатқаныма бір ай болды, еш зауқым соқпайды

Банкоматтан ақша алу кезінде алаяқтар адамды қалай алдайды?

Сәбит Әбдіхалықов кезекті рет инфаркт алып, ауруханаға түсті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1200311-sheneunik-shymkenttikterdinh-pysyq-ari/