Шымкенттік депутат 3 млн теңге пара беріп жатқан жерінен ұсталды

Опубликовано:

Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінің директоры әрі облыстық мәслихаттың депутаты парамен ұсталды.

Бұл туралы жемқорлықпен күрес жөніндегі ұлттық бюроның баспасөз қызметі хабарлады деп жазады Отырар.

Күдікті осы мекеменің қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім басшысы арқылы облыстық білім басқармасының жауапты қызметкеріне 3 млн теңге пара ұсынған. Колледж директоры осылайша өзі басқаратын оқу орнына мемлекеттік білім гранты бойынша қосымша орын алмақ болған.

Күдікті қазір Шымкент қаласындағы ішкі істер басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Тағы оқыңыздар:

ОҚО-да Атамқұловтың өзі қосып кеткен газды әкім кеткен соң сөндіріп тастады (фото)

Қарағандыда келіншек босанғаннан кейін жарты тәулікке жетпей жан тапсырды

Мысырға оқуға кеттім деген ақтөбелік жігіттің Сирияда соғысып жүргені анықталды

Заттыбек Көпбосынұлы дүкенін намазханаға айналдырып, ауылдастарына сыйға берді (фото)

Cаясаттанушы түзеу мекемелерін ҰҚК-нің құзырына беруді ұсынды

Жер комиссиясы екі жарым айда не тындырды?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1202683-shymkenttik-deputat-3-mln-tenhge-para-ber/