Жаңа оқу жылының алдында оқу құралдарының бағасы шарықтаған

Опубликовано:

Астана оқушылары жаңа оқу жылынан бастап тек бірыңғай мектеп формасын киеді деген қауесет болып шықты. Себебі ата-аналар әлі күнге дейін бірыңғай киімнің қандай болу керектігін шеше алмаған.

Дегенмен, оқушылардың қазіргі киімі мен оқу жабдықтарының да бағасы онсыз да оңып тұрған жоқ.

Әзірге Астанадағы 75 мектеп өз формаларын сақтап қалған. Дегенмен, жыл бойы білім басқармасы кеңес құрып, ата-аналармен осы мәселені талқыламақ. Басқарма киім үлгісін ата-аналар өздері таңдайды, мәжбүрлеу жоқ деп отыр. Айтуларынша әр балаға тігілетін форма қазір 20 мыңнан аспайтын көрінеді.

Мектеп формаларын айтпағанда, баланың оқу -құралдарын да дайындау қиын. Өйткені, әдеттегідей кеңсе тауарларының құны айтарлықтай шарықтапты. Сондықтан ата-аналар балаларының оқу заттарына кем дегенде биыл 20 мың теңге жұмсайды екен.

Оқушы құрал-жабдықтарының әлдеқайда қымбаттағаны Қарағанды облысында да байқалып тұр. Мәселен, биыл қаламдардың бағасы 60 пайызға өскен екен. Ал дәптер бағасы 30 пайызға көтерілген.

Ал Петропавлдағы кеңсе тауарлары дүкендерінде әзірге қарбалас байқалмайды. Сатушылар баға былтырғы жылмен салыстырғанда сәл де болса өскенін жасырмайды.

12 беттік дәптер- 20-25 теңгеге дейін

Қалам 50-140 теңгеге дейін

Қарындаш 40-80 теңгеге дейін

Күнделік 200-400 теңгеге дейін

Дәптердің қабы 15-40 теңге

Сызғыш 50-100 теңге

Желім 150-350 теңге

Рюкзак 5000-9000 теңге

Ал сатушылар мектепке керек-жарақтарды жаздың басында алған қолайлы дейді. Өйткені, айтуларынша, . Тіпті, алдағы уақытта 10-15 пайыздық қымбатшылық байқалады деп отыр.

Тағы оқыңыздар:

Элиталы шенеуніктердің рейтингінде Тасмағамбетов көш бастады

БҚО әкімінің бір айлық жалақысы 700 мың теңгеден асып түсті

Ақтөбеде президентке хат ұстатып, үй сұраған оқушы қысымға ұшыраған (фото)

ОҚО-да Атамқұловтың өзі қосып кеткен газды әкім кеткен соң сөндіріп тастады (фото)

Қарағандыда келіншек босанғаннан кейін жарты тәулікке жетпей жан тапсырды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1203340-zhanha-oqu-zhylynynh-aldynda-oqu-quraldar/