Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ОҚО-да шенеунік бір ай бойы ұйықтамай, шегіртке аңдыған

Опубликовано:

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Арыс қаласы әкімінің орынбасары Сапарбай Дәрібай егістікті қаптаған шегірткемен күресудің жолдарын айтып, тіпті бір ай ұйқысыз өткенін жайып салды, деп хабарлайды NUR.KZ-тің аймақтағы тілшісі.

Арыс әкімі Сейіт Ертайдың ауыл шаруашылық саласы бойынша орынбасары Сапарбай Дәрібай аймақтың бірқатар аудандарындағы егістік алқабын қаптап кеткен шегірткеден қатты қауіптеніп, тіпті зәресі қалмай жүріпті.

Бұл туралы шенеунік Ақдала ауылдық округіндегі Агрофирма "Жаңа Ақдала" ЖШС-нің егіс алқабында айтты. Тілшілердің «шегіртке қызанақ алқабына зиянын тигізген жоқ па?» деген сауалына жауап берген әкім орынбасары барынша ағынан жарылуға тырысты.

«Шегірткенің өзінің науқаны болады. Сол кезде осыған да түсіп кете ме қорықтық. Арыспен шекарлас Ордабасы ауданында күзетіп, бір ай ұйықтаған жоқпыз. Қаланың әкімі бар, тағы басқалары бар... Елдің несібесі бар екен, тек қызанақ алқабы емес, бұдан басқа бір гектар қарбыз егісін де шегірткеден аман алып қалдық», - деді Сапарбай Дәрібай.

Айта кетейік, томат пастасын шығаратын Агрофирма "Жаңа Ақдала" ЖШС биыл тамшылатып суару әдісімен үш жүз гектар жерге қызанақ еккен. Зауыт 2008 жылы елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ашылып, бірнеше жыл өнім шығарғанымен, кейін экономикалық мәселелерге қатысты жұмысын тоқтатты.

Биыл зауыт қайта іске қосылды. Тамыздың соңы мен қыркүйектің басында алқаптан қызанақтар теріліп, өндіріс орны өнімін шығара бастайды.

Тағы оқыңыздар:

Жыл басынан бері Ақтөбеде мыңға жуық жас қыз жасанды түсік жасатқан

Кафелетіп, сыралатып үйренген бойжеткен қалай хиджап кигенін айтып берді

Руслан Күлекбаев: Расында, мен судьялар, прокурорлар мен полицейлерден кек алғым келді

Назарбаевтың қолына хат ұстатқан оқушы президентпен кездесудегі әсерін айтты

Күйеуінен ажырасып кеткен "КешYou-дің" экс-әншісі бала тәрбиесіндегі сырымен бөлісті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1204690-oqo-daghy-sheneunik-bir-ay-boyy-uyyqtama/

pixel