Айдос Сарым қазақ-түрік лицейлерін "Алаш лицейлері" деп атауды ұсынды

Опубликовано:

Саясаттанушы Айдос Сарым өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында қазіргі күні қазақ-түрік лицейлерінің атауын өзгертуді ұсынды. 

Саясаттанушының пікірінше, еліміздегі қазақ-түрік лицейлері қазақтың мемлекеттік мүддесіне, болашағына жұмыс істеп жатыр.

"Барлығы мемлекеттік стандартқа сай. Егер біреулердің тақиясына тар келіп жатса, онда оларды Алаш лицейлері деп аталық. Алаш қазақтан да кең ұғым. Алдағы жылы Алашорданың жүзжылдығы да келе жатыр дегендей…", – деп жазды Айдос Сарым.

Еске сала кетсек, Түркияның еліміздегі Төтенше және өкілетті елшісі Невзат Ұянық Қазақстан билігінен Фетхуллах Гүленнің ілімін насихаттайды деп айыпталған елдегі қазақ-түрік лицейлерінің қызметін тоқтатуға көмек сұраған болатын.

Кейін бұған қатысты Білім және ғылым министрлігі ресми мәлімдеме жасап, Қазақ-түрік лицейлері Қазақстанда жабылмайтынын айтқан.

Тағы да оқыңыздар:

Үнділікке тұрмысқа шыққан қазақ қызы еліне оралғысы келетінін айтты (фото)

NUR.KZ-тегі мақаладан соң ОҚО-дағы 6 балалы анаға кәсіпкерлер үй салып берді (фото)

Алматы облысында өгей әке кішкентай қыздарын зорламақ болған

Теміртауда белгісіз біреулер Лениннің ескерткішіне оқ атты

Алматыда төсек қатынасы үшін пәтерін жалға беретін жігіттер көбейген

Астанада парамен ұсталған жас шенеунік 12 жылға сотталуы мүмкін

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1207062-aydos-sarym-qazaq-turik-liceylerin-al/