Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде әйелінің сұлулығын қызғанған еркектер ғана никаб кигізетін болып шықты (фото)

Опубликовано:

Ақтөбеде дін жолындағы қыздарға арналған дүкендер аз емес. Ол жерден мұсылмандыққа бет бұрған адамға керек кез-келген затты табуға болады.

Аймақтағы NUR.KZ тілшісі осындай дүкендердің біріне кіріп, мұсылман қыздың шығынын есептеп көрді.

Дін қызметкерлері бетті бүркейтін никабты шешу керектігін ескертсе де, дүкендерден олардың түр-түрін табуға болады. Бағасы 3000-3500 теңгеден тұрған никабтың алуан түсі бар. Етегі кең ұзын көйлектер құны 6000 теңгеден басталады. Орамалдарды 3000-6000 теңге арасынан табуға болады. Шаш шығып кетпес үшін орамалдың ішінен киетін тартпа мың теңге тұрады.

Әйелдің денесін жауып тұру үшін ең кемі 13 000 мың теңге жұмсалады екен. Матаның сапасы мен заманауи үлгіде тігілгендері қымбатқа шығады.

«Қазір көп адам мұсылман дүкендерінен киінеді. Ұзын белдемше, жеңі бар көйлек алып жатады. Әсіресе, жас қыздар біздің дүкенге көп келеді. Өздеріне үйлесетінін  таңдап береміз. Мұсылман қыздар қатты қымбат киімдерді алмайды. Себебі, оның бәрі ысырапшылдық болып саналады. Мұсылмандық киімнен ешкім зиян көрген емес. Таза жүреді, жаман ойдан оқшаулайтын сұқ көзден сақтанады. Адамдардың бәрі бір күні Алланың жолына түсіп, ұзын киіп, орамал тағатын болады», - дейді сатушы қыз.

Бей-берекет суретке түсуге болмайтынын айтқан сатушы суретке түсуден бас тартты. Ол тек құжат дайындайтын кезде ғана суретке түсетінін айтты. Дүкеннен ұзын белдемше  қарап жүрген жас қыздардың бірі мұсылман киімдерін киіп түсуге қарсылық білдірген жоқ.

Сатушы шаш көрсетпей тұратын орамалдары бірлесіп кеткен көйлекті таңдап берді. Көйлектің басты жабатыны болса да қыздар оның түсіп кетуінен сақтанып, сыртынан орамал тағады екен. Бетін жабатындар әрі қарай никаб киеді.

«Никабты қазір көбісі сатып алмайды. Тіктіріп киетіндер көп. Ол арзанға шығады. Никаб киюді қыздардың өздері таңдамайды. Күйеулерінің қалаулары бойынша жасайды. Әйелінің сұлулығын басқаға көрсеткісі келмегендер беттерін жапқызады. Ол бетін жауып ешкімге жамандық келтіріп жатқан жоқ. Керісінше, көшеде өте қысқа киіп жүретін үлкен әйел адамдар көбейді. Жаз мезгілінде әйелдер үстеріндегінің бәрін шешіп, ашық жүруге құмар», - дейді сатушы.

Дүкеннен мұсылман қыздардың суға түсуге арналған киімін де көрдік. Денеге жабыспайтын қаттылау матадан тігілген суға түсу киімі комбинезонға көбірек ұқсайды.

Тағы да оқыңыздар: 

Екі дағдарыстан соң Қазақстан халқының жартысынан көбі кедейленіп кеткен

Тасмағамбетов Балқаш торабындағы Ресейге жалға берілген жердің аумағын қысқартты

Түркістан әкімі аруақтардан медет сұраған кейуанаға "періште" кейпінде келіп, көмектесіп жатыр

Тамақ жеген соң табақ пен саусақты жалап қою ұят па?

Отандық сериалдың жұлдызы үйлену тойын ерекше стильде өткізді (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1208729-aqtobede-ayelininh-sululyghyn-qyzghangh/