Рулас жігітті ұнатып, жан мен ар азабынан шаршаған алматылық бойжеткен сырымен бөлісті
Опубликовано:
«Рулас жігітті ұнатып, жан мен ар азабын тартып шаршадым» деген бойжеткен сырымен бөлісті, деп жазады Qamshy.kz.
«Бір күні мендегі шыдам шегіне жетті. Бар ерік-жігерімді жинап, оған хабарластым. Екеуіміз кездесіп, ұзақ сырластық. Оның да менде көңілі барын білдім. Енді ғана жарасып, бақытты боламыз деген қуанышымыз екі сағатқа ғана созылды. Екі сағат... Сосын бәрі бітті», - деген Гүлім өзімен рулас жігітпен қалай байланысқанын айтып берді.
Алматылық Гүлім есімді бойжеткен «ақыл тоқтатып, ес білгелі болашағымды саналы азаматқа тапсырып, саналы ұрпақ тәрбиелеуді жиі ойлайтынмын» дейді. Сол себепті де көлденен жолыққан көк аттыға бұрылып қарай бермепті.
"Осыдан бірнеше жыл бұрын «мені және балаларын» аялай алады-ау деген жігітті жолықтырдым. Анығында оны өмірде бір-ақ рет көргенмін. Көрген кезде мән бермегеніммен, кейін ол адам туралы жиі ойлайтынмын. Қайда жүргені, не істеп жатқаны қызықтыратын. Өзінен сұрауға батылым бармай талай уақыт жоғалттым. Оны шынымен болашақта «жолдасым осы жігіт болса екен» деп қиялдайтын болдым", - дейді Гүлім.
Таныстықтан соң, бірнеше жылдан кейін ғана араласа бастаған екі жас жиі болмаса да, анда-санда қал сұрасатын күнге жетіпті.
Гүлімнің айтуынша, өзін айттырушылар, қолын сұраушылар, ұсыныс жасаушылардың саны артқан. Бірақ көңілі мен бүйрегі әлгі жігітке бұрып тұрыпты.
Арадағы сыр ашылып, екі жас кездесуге шешім қабылдайды. Бірге тамақтанып, біраз серуендеп, ұзақ сырласады. Ал әңгіме арасында екеуі бір рудың адамдары екенін біледі.
"Екеуіміз де үнсіз тағы бір сағат отырдық. Сосын ол жәй ғана үйіңе жеткізіп салайын деді де, үй алдына келгенде «жоғалып кетпе. Біз енді бұрынғыдан да жақын жандармыз. Ағасы мен қарындаспыз» деді. Мен үнсіз бас изедім. Содан бері бір-бірімізге хабарласпаймыз. Бірақ жан мен ар азабы жанымды жегідей жеп барады", - дейді бойжеткен.
Қаншама уақыт сезімдерін айтуға бата алмай, іштей тынған екі жас енді табысқанда белгілі болған сыр, екеуін де есеңгіретіп жіберген.
"Отыра қалып жеті атамызды санастық. Жеті атамыздан сәйкес келмейді, тіпті 13-14 ата ары да жатыр екен", - дейді Гүлім.
Сырының жет шағасын анасына айтса, ол «біздің руда бір-бірімен қыз алыспайды» деп қысқа қайырыпты.
"Қазақта бір рудың адамдары төс қағыстырып, құда болмайды. Бұл қыз алып, қыз берісуде аса мән берілетін мәселе. Бір рудың адамдары ешқашан қыз алысып, қыз беріскен емес. Бір рудың қыз-жігіті бір-біріне аға-қарындас болып қала бермек. Бұл әдетте ұрпақтың қаны мен дені сау, дұрыс болуы үшін жасалатын амал екені анық. Дегенмен бір рудың адамы болса да, жеті атадан асқан соң қыз алыса беретін рулар да бар", - деп жазады басылым.
Тағы оқыңыздар:
Алматыда жоғалған қызды белгісіз біреулер қалыңдық ретінде алып қашып кеткен
Семейде ер адам туған қыздарын төрт жыл бойы зорлап келген
Ақтөбедегі терактіде ауыр жарақаттанған жігіт басындағы бытырамен таксиші болып жүр (фото)
Назарбаев Ақышевтан теңге бағамының құбылуын түсіндіруді талап етті
Қазақстанда діни қызметкерлер бойжеткендерді секс-жиһадқа жіберуде
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1209451-rulas-zhigitti-unatyp-zhan-men-ar-azabyn/