RU

ҚазКСР деп жазылған төлқұжатқа қатысты Әділет департаменті түсініктеме берді

Ақмола облысында туу туралы куәлікке әлі күнге дейін ҚазКСР деп жазылғаны туралы ақпаратты Әділет департаменті жоққа шығарды.

"Туу туралы қайталама куәлік берген кезде баланың туған жері қате жазылғаны туралы ақпаратқа қатысты Ақмола облысы Әділет департаменті келесіні хабарлайды: бұл факт бір жыл бұрын 2015 жылы талқылау нысанасы болып табылды. 29.07.2015 жылы «Ерейментау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлекеттік мекемесімен қайталама 28.07.2015 жылы жазылған №3831345 туу туралы куәлігі берілді. Куәлік баланың тұрғылықты мекен-жайы бойынша: Ерейментау ауданы Өлеңті ауылына баланың анасына табыс етілді", - делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін бірқатар БАҚ көздерінде Ақмола облысында туу туралы куәлікке әлі күнге дейін ҚазКСР деп жазылғаны хабарланған болатын.

Тағы оқыңыздар:

Данияр Ақышев девальвация болуы мүмкін деген қауесеттерге жауап берді

Еліміздегі қазақ тілінде еркін сөйлейтін танымал өзге ұлт өкілдері (фото, видео)

Биыл грантқа үмiттi түлектердiң 80%-ға жуығы қазақ мектебiн бiтiрген

Семейде болашағын білу үшін сәуегейлерге жүгінетіндер көбейген

ОҚО полициясы "тәртіп сақшылары 17 жастағы бозбаланы жабылып ұрды" дегендерге жауап қайтарды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1210189-aqmola-oblysynda-tuu-turaly-kualikke-3/