Астананың іргесіндегі 27 мың гектар жер Германия азаматына тиесілі болып шықты
Опубликовано:
Жақында қоғамдық-саяси «Время» басылымы Германия азаматының Астананың дәл іргесінде 27 мың гектар жерді иемденіп отырғанын жазды деп хабарлайды Abai.kz.
Қазақ қоғамы өз жерін шеттен келгендерге бермеуді үкіметтен талап етіп, наразылыққа шыққаны белгілі. Сәуірде басталған толқулардың соңы мемлекет басшысының мараторий жариялауымен аяқталған-ды.
Десе де елімізде алып жер иеленушілері (латифундистер) мен олардың шетелдік қожайындары туралы деректер жасырын сақталатынын ҚР вице-премьері, ҚР Ауылшаруашылық министрі, Жер реформасы туралы комиссияның төрағасы Асқар Исабекұлы айтқан еді.
«Время» басылымының жазуынша, 27 мың гектар аумақты қамтитын жер 2009 жылы Германия азаматына шаруаға берілген екен. Елорданың бас символы «Бәйтерек» кешенінен 200 километр жерде ғана орналасқан әлгі жердің қожайыны Германия азаматы Роберт Шумахер болып шықты.
Жер кодексіне енгізілген жаңа өзгеріс бойынша Қазақстанда тіркелген компанияларға тиесілі жер телімдерін жеке немесе заңды тұлғалар жекешелендіріп алуға (приватизациялауға) рұқсат етілген. Ал еліміздегі кез келген компания, фирма немесе шаруа қожалықтарын шетел азаматтары бар дүние-мүлкімен қосып сатып ала алатын. Бұған ҚР заңнамаларында рұқсат берілген.
Демек, кез келген шетелдік елімізге келіп, ірі немесе ұсақ компанияларға әм оған тиесілі жер телімдеріне емін-еркін иелік ете алатын. Қазақстандықтардың наразылығын туғызған да осы фактор еді.
Жоғарыдағы Астананың аумағында 27 мың гектар жерге қожалық етіп отырған Германия азаматы Роберт Шумахер де дәл осындай жолмен қазақ жерінің қожайыны атаныпты.
Сонымен неміс латифундисті Роберт Шумахерге Ақмола облысы, Қорғалжың ауданы аумағына кіретін «Ақ құлын» ЖШС тиесілі екен. Әуелде сер Шумахер компания серіктесі болған. Сөйтіп жүріп Роберт Шумахер ауылшаруашылығына тиесілі жерлерді алғашында 10 жылға, кейін 49 жылға дейін жалға алған. Артынша Аменгелді ауылдық округіндегі жерлерді жекелешеп алған көрінеді.
Сондай-ақ, еліміздегі «ҚазГерСтрой» құрылыс холдингінің былық-шылығына дәл осы Роберт Шумахердің қатысы бар болып шықты.
Комиссия төрағасы, Вице-мремьер-министр Асқар Мырзахметов елімізде өңдеуге жарамды 7,3 миллион гектар жер игерілмей жатқанын, соның ішінде 1,6 миллион гектар жер егістік алқаптары екенін айтқан.
Тағы да оқыңыздар:
Шенеуніктердің миллионер ұл-қыздары елге бір тиын да салық төлемейді
Оңтүстікке келін болған якут қызы қалай қазаққа айналды?
Қытайға барып шабыт алған Сайлаубек қытайша үйренуге кірісіп кетті (видео)
Еліміздегі қазақ тілінде еркін сөйлейтін танымал өзге ұлт өкілдері (фото, видео)
Аздап салмақ қосқан Мөлдір Әуелбекованы жұрт аяғы ауыр деп болжады (фото)
Күйеуіңіздің көзіңізге шөп салып жүргенін қалай байқауға болады?
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1210657-astananynh-irgesindegi-27-mynh-gektar-zher/