Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы атыстан жараланған полицей әлі күнге дейін ауыр халде жатыр

Опубликовано:

Алматыда атыс кезінде жараланған полицейлердің бірінің жағдайы әлі күнге дейін ауыр, деп хабарлайды BNews.kz.

Бұған дейін Алматының «Қалалық орталық клиникалық ауруханасынан» зардап шеккен тәртіп сақшыларының бірі Мұрат Балтабек шығарылды. Ал екіншісі әлі күнге дейін ауыр халде жатыр.

«Оқ тиген полицейлердің бірі ауруханаға травматикалық шок жағдайында түсті. Интенсивті терапия жүргізіп жатырмыз, нейрохиругтер мен нейроинсультологтар, офтальмологтарды тартып, тұрақты түрде консилиумдар ұйымдастырып тұрамыз. Жәбірленуші көп қан жоғалтқан, төрт рет жалпы алғанда 20 литр қан құйдық. Әзірге ол жан сақтау бөлімінде жатыр, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған», - дейді «Қалалық орталық клиникалық аурухана» ШЖҚ МКК ақылы қызметтер жөніндегі директордың орынбасары Бауыржан Наржанов.

Естеріңізге салып өтсек, 18 шілде күні Алматыда Руслан Күлекбаев полицейлерге оқ атты. Атыс кезінде құқыққорғау органдарының үш қызметкері оққа ұшты. Кейін жан сақтау бөлімінде тағы бір полиция қызметкері көз жұмды. 1 тамыз күні тағы екі тәртіп сақшысы қаза тапты. 25, 28 шілде мен 4 тамызда қала клиникаларынан атыс кезінде жараланған үш полицей шығарылды.

Тағы оқыңыздар:

Еркеш Шәкеев: Менің ұлым Сафар жазатайым оқиға салдарынан қаза болды

Алматылық жігіт өзін тастап, бай досына кетіп қалған сүйіктісіне таң қалды

Ермахан Ыбырайымов қазақ боксшылары екі алтын алуға міндетті екенін ескертті

Қарттар үйінен 3 мәрте қашып кеткен ақтөбелік кейуана 1,5 жыл бойы үйінде қамалып отыр

Кореядан ұшып келе жатқан Қазақстан азаматы Өзбекстанда жоғалып кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1214995-almatyda-atys-kezinde-zharalanghan-pol/